«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022-2023 оқу жылыңдағы Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 16/01-20/01 аралығында «Жаратылыстану-математика бағыты – нақты ғылымдар жетістігі» атты математика, физика, информатика апталығы туралы анықтама

23.01.2023

2022-2023 оқу жылыңдағы Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 16/01-20/01 аралығында «Жаратылыстану-математика бағыты – нақты ғылымдар жетістігі» атты математика, физика, информатика апталығы

туралы анықтама

 

Мектебімізде «Жаратылыстану-математика бағыты – нақты ғылымдар жетістігі» атты тақырыбында пән апталығы өтті. Апталықтың әр күніне жаңа үлгідегі мәдени іс-шаралар жоспарланды. Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой-өрісін, белсенділігін дамытатын танымдық ойындар жүйесі, зияткерлік сайыстар, жарыстар өтті.

«МИФ әлемі» атты ақпараттық стенд шығарылды. Еліміздің үлкен тірегі болатын  жас ұрпақтың терең білімді жан – жақты дамыған зерек болуы – заман талабы. Оқушылардың шығармашылықпен айналысуына сыныптан тыс осындай пәндік стендтер шығарып өткізудің тигізер септігі мол. Бұл жасалған ақпараттық стендте математика, физика, информатика пәндері бойынша әр түрлі тапсырмалар, сөзжұмбақтар, математикалық есептер, физикалық логикалық сұрақтар қамтылған.

Апталықтың екінші күнінде «Білімге құштар жас өрен» тақырыбында 5-6 сынып оқушыларымен Смагулова Б.Г. жарыс сабақ ұйымдастырды. Оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттырып, ой-өрісін кеңейту мақсатында математикалық интеллектуалды  сайысы өтілді. Топ мүшелеріне блиц-турнир бойынша сұрақтар қойылып, оған шапшаң жауаптар қайтарылды. Қойылған сұрақтар математика ұғымдары бойынша құрастырылды. Шара өте белсенді, мазмұнды өтті.

Апталықтың үшінші  күні 7-8 сынып оқушыларымен математика  пәнінің мүғалімі Смаилова А.Х «Фигуралар әлеміне саяхат» атты  танымдық сабағын   ұйымдастырды.  Сабақ барысында  жүйрік оқушылар анықталды, оқушылар логикалық ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамытты.

Төртінші күні «Физика білгірлері»  атты интелектуалды ойын өтті. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған кеш 9-10 сынып оқушылары арасында жүргізілді.  Оқушылардың танымдық, шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамытуға арналған физика сабағына байланысты сұрақтар, жұмбақ, ребустар, сканворттар, қалжыны мен әзлі аралас физикалық сұрақтар, мақал-мәтелдер, текшелердегі сұрақтарға жауаптар қойылып шешілді. Бұл қызықты сабақ күнделікті өмірмен байланыстырып өтізілген сабақ оқушылардың ойлау ұшқырлығын шыңдап, білім алуға деген құштарлығын дамытты.

Апталықтың бесінші күні математика  пәнінің мүғалімі Смаилова А.Х 7-11 сынып оқушыларымен және мектептің ұстаздарымен «Әлем нақты ғылымдар тілінде» атты тақырыпта бірлескен іс-шара ұйымдастырды. Төрт топқа бөлінген топтардың аты: тик-ток, инстаграм, фейсбук, ватсап болды. Сабақ қызықты өтті.

Просмотров: 210


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст