Жамбыл аулының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
«Құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы» және «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша атқарылған іс-шаралар жайлы ақпарат
Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі ММ-нің 2023 жылғы 09 қаңтардағы №14 хаты негізінде "Жамбыл ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де «Құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы» және «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында бірқатар іс-шаралар өткізілді:
Құқықтық тәрбие берудегі қоғам алдында тұрған басты мақсат – кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың, панасыздықтың, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, балалардың құқығын қорғау, оларға саналы тәрбие беру, бойындағы жаман және зиянды әдет пен әрекеттерден арылуға баулу және құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер туралы түсіндіру.
Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс жасайды. Әр ай сайын кеңес отырысы болып өтеді. Кеңңес құрамында 10 адам бар. Кеңес төрайымы мектеп директоры және мектеп ұстаздарынан құралған.
«Құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы» және «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспар негізінде алдын алу мен ақпараттық-насихат шаралары жүргізілуде. Жоғарғы сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі», «Заңға мойынсынушылық мінез-құлық-қауіпсіздік кепілі» тақырыптарында дәріс оқылып, сынып сағаттары өтті.
Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектептің барлық оқушылары 100 пайыз спорттық секциялар мен үйірмелермен қамтылған.
13 қаңтарда 7-8-сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер» тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнамаға 9 оқушы қатысты.
16 қаңтар күні тәрбие жоспарына сәйкес 7-11 сыныптар арасында Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Тәрбие ісінің меңгерушісі Смагулова Б.Г. оқушыларға балалар мен жасөспірімдердің кешкі уақытта жүру ережелерін атап өтті. Мектеп оқушылары кешкі уақытта жүруге болмайтының және бастауыш сынып оқушылардың кешкі мезгілде көшеде ата-анасыз жүруге болмайтынынын ескертті. Заңға сай айыппұл төленетінің де ескертті.
Осы тақырыпқа байланысты ата-аналарменде жалпы құқықтық білім беру жоспарына сай ақпараттық-насихат жұмыс жүргізілді.
Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы біздің мектепте қылмыс жағдайлар тіркелмеген.
Оқу жылы бойы мектеп ұстаздары мен ата-аналар кешкі уақытта бірлескен рейдтер жүргізеді.
Мектеп директоры: М.О.Дюсекеева