«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Төрлет,төрлет Жаңа жыл

31.12.2019

Төрлет,төрлет Жаңа жыл! (Бастауыш сыныптарына)
Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.         (Фея)
1 – жүргізуші:
– Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2 – жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер.
1 – жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

2 – жүргізуші:                                                      
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1 – жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2 – жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

Сөз мектеп директоры

Қасқыр : мына   жерден  адамдардың  иісі  шығады .

Осы жерде доңыз келеді :ой қасқыр ата сіз қайдан келдіңіз аспаннан түстіңіз бе ?

Қайда асықсам сонда келдім,адамдардың барлығы көтеріңкі қөңіл күймен отыр ғой неге мәз болдыңдар, сені жегім келіп тұр.

Доңыз Мен ескі жылмын,сіздерге молшылық,бақыт әкелдім. Мен бүгін тышқан жылы сіздермен қарсы алып өзім кеткелі тұрмын.

Ааа солай де, мен өзім білем кімді шығарам кімді кіргізем .

1жүргізуші : Қойыңыз қасқыр ата  неге ашулысыз жаңа жылды жақсылап көңілді қарсы алайық біз сізге ән айтып би билеп береміз.

Қасқыр менің қарным ашып тұр  сондықтан ашулымын .

Ой ,қасқыр ата біздің сізге биылғы жылы берер тамағымыз мол болады сондықтан жана жылды қарсы алып көрейікші  өзіңіз  көресіз, ата.

Доңыз : Иа, көрейікші,

Мына келер жылға айтар тілегім.

Қуанышты күндерің көп болсын молшылық болсын.

2020 жыл қадам басқан гүлдене бер Қазақстаным.Келесі жыл бастауын тышқанға беремін.

(тышқан  шығады)

Тышқан :Сәлеметсіздер ме,кешіккен жоқпын ба,мен сондай асықтым,сондай жүгірдім,кешігем деп қатты қорықтым,уақытында жеттім бе?

Жоқ тышқан дәл уақытында келдіңіз.

Доңыз  жылы:Мен тағы бір қонақпын

Он екі жылда оралар

Үлкендерге ақ ниет

Сіздерге де ақ ниет

Сіздерге де мың рахмет

 

Тышқан: мен жаңа жылмын бірақ  бұл жерден Аяз ата мен Ақшақарды көрмей тұрмын. Доңыз Аяз ата мен Ақшақарды шақырып барып  бізбен қоштасаң қалай болады .

Жүргізуші:Бізде қонақта қасқыр атамыз бар, қасқырға тышқан жылы келеді молшылық әкеледі сенің қарныңды тойғызамыз деген болатынбыз. Қасқыр атамызға айтқанымыздай Аяз ата мен ақшақарды қарсы алып жаңа жылымызды қарсы алайық

Осы жерде барлығы Аяз ата Аяз ата .Аяз ата келеді. Аяз Ата

Амансыздар ма, Тәуелсіз елдің бақытты ұрпақтары, аяулы аналар, ардақты ұл-қыздарым, бүлдіршін балаларым!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқап,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар

Біз де сендерді көруге,
Халдеріңді білуге,

 Асулардан асып,
Аппақ қарды басып жетіп қалдық.

Доңыз Ал аяз атамыз келді, Жана жылда осында, ал енді  мен кетейін .

Қасқыр : Әй тоқта мен ше менің қарным ашып тұр .

Доңыз : сен келген жана жылға тапсырам биыл астық мол болады елде тыныштық болады, адамдар молшылықта өмір   сүреді  сонда саған бірдеңе тиер   Қасқыр   досым, қош   болыңдар.

Жоқ, тоқта, екеуі жүгіріп   шығып   кетеді.

 

Барлығы:Қош бол,доңыз ,қош бол.

 

Ақшақар:Қош келдің Жаңа жыл!

Аяз ата:Ал айналайын жаңа жыл,келген қадамыңа нұр бітсін.Мынау менің ұлдарыммен,қыздарым,мынау халқым саған аманат.Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда.Жақсы жыл бол,жаңа жыл.

 

Аяз ата:Бәрекелді жаңа жылым.Төрімізге шық.Бірімізге жаңа бақыт,жаңа қуаныш ала кел.

Тышқан:Құрметтеріңізге рахмет.Байқаймын барлықтарыңызда мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.

Жүргізуші:Иә,барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.

 

Аяз ата: Қарашы ,балаларымыз қандай әдемі.Шырша  да әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып  кетіпті. Бірақ  шыршаның шамы жағылмапты.Шырша шамын жағайық,Жаңа жыл тойын ашайық.

Аяз ата: қызым  мына келген балалардың   бізге көрсетер өнерлері бар екен соны тамашалап көрейік.

3 сынып

Бейбарас Аяз ата ақсақал, 

 Иегі аппақ қапсақал. 

 Қандай сұлу, қарашы, 

 Қасындағы ақшақар. 

Айбар Тақпақ айтып берейін,

  Аяз ата не дейін?! 

Осы өлеңге қанеки, 

Не бересіз көрейін.  ***

Айгерим  Жаңа жылда ойнаймыз, 

 Отбасы боп тойлаймыз.

  Аяз ата келгенде, 

 Тақпақ айтып қоймаймыз.  ***

 Балым Тақпағымыз тамаша, 

 Аяз ата қараса

  Әттең мені көрмей тұр, 

 Бойым шіркін аласа. 

Нұрсая  Кәмпитіңді алайын, 

 балалармен таласа. 

Бір қарашы өтінем, 

Айтқан әнім ұнаса.  **

Гүлдана Аяз ата барсың ба? 

 Әлде ұшқын қарсың ба? 

Бәрімізді алдайтын, 

 Жетпістегі шалсың ба? 

 

Нұрсұлу  Қызыл шапан жамылған, 

Жүрісінен жаңылған. 

 Аяз ата келіп тұр,

  Арбасына таңылған. 

Балнұр Бұғылары аспанда, 

 Ұшады екен қашқанда. 

Ыршып өтіп таудан да

,  Үйлерден де тастан да

.Айқын Ақшақары қасында, 

 Ақ үлпегі басында. 

Немере мен атасы,

  Секілді екен расында. 

 

Аршат Аяз ата тыңдашы,

 Жаңа жыл бұл, жыл басы.

Өнерімді көрсетем,

 Сыйлық берші, тұрмашы!

 Концерттік номерлер
2-жүргізуші:
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын Жаңа бақыт достарым!...

1-жүргізуші:
Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын.Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныштық,тоқшылық жыл болсын.Жаңа жылдарыңыз құттты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

Просмотров: 439


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст