«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош келдің,Жаңа жыл!

31.12.2019

Мереке тақырыбы: Қош келдің,Жаңа жыл!

Іс-шара мақсаты:

Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету. Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.

Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.

Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.

Кейіпкерлер:

Аяз Ата- Аубакиров Азамат

Ақша қар- Қуанышова Дария

Ескі жыл Доңыз жылы - Смагулова Жанаргүл

Жаңа жыл Тышқан жылы – Альжанова Шынар

Жүргізушілер:

  1. Смагулова Б.Г.
  2. Сагинбеков М.К. 9 сынып оқушысы

Мереке барысы:музыка залында ата-аналар, қонақтар жиналған зал қыс бейнесімен, жарық түрлерімен безендірілген және де әдемі көрікті шыршамен әсемделген.

1-Жүргізуші– Армысыздар ардақты, ағайын, Жиналған қауым, оқушылар! Жаңа жылдық шырша тойдың қадірлі қонақтары!

2-Жүргізуші

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!

1-Жүргізуші

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толық болсын маңайың.

Көргендер де көрмеген де арманда,

Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!

2-Жүргізуші

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіңдей айшықтанып арайың,

Жанға – шуақ, бойға қуат әкелген,

Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!

1-Жүргізуші

Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті, халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.

 

 

 

 

2-Жүргізуші

«Қош келдің,Жаңа жыл!» атты мерекелік думанды  кешін ашып беру үшін мектебіміздің жанашыры, мектеп директоры Дюсекеева Меруерт Оразалықызын қошеметпен сахна төріне шақырайық.

1-Жүргізуші: Мына орындалар әсем ән сіздердіңдің құрметіңізге арналады, қабыл алыңыздар. Біздің оқушылардың лрындауында  «Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар. (7-8 сыныптың әні)

2-жүргізуші

Ой ,бәрекелді, тамаша әндеріңізге көп рақмет.

1-Жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар, ортамызға бізбен бір жыл бірге болған доңыз  жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың?
- Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Қош келдіңіз делік.
Бәрі: Қош келдің ескі жыл.
Ескі жыл:  Жаңаргүл
Ауылдастарым, достарым,
Алғысым көп айтар менің.
Дәл осындай артығырақ,
Қарсы алыңдар тышқан жылын. 2019 жыл есте қаларлық оқиғалар мен мерекелерге толы болды. Біраз жұмыстар атқарылды, еш өкпем жоқ, келер жылдан күтер үміт көп, келер жаңа жыл жақсылығымен, қуанышымен келсін. Бірлік пен береке, толағай табыс әкелсін.
2- Жүргізуші:
- Ескі жыл сен жаңа жылымыз келген ше бізбен бірге болғаның үшін рахмет. Көңіл көтеріп, ән салып, би билеп сені шығарып салайық.
1- Жүргізуші:
Би билейік бұралып,
Қыздар тұр сұранып.
Мен де тұрмын құр қалып,
Шаттанайық қуанып.
- Ескі жылымыздың құрметіне 9 сыныптың орындауында биі. Қарсы алыңыздар.   (9 сынып Би биленеді)

2-Жүргізуші:

Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге,

Мен бастайын, ал сендер

Аяқтаңдар ойынды

Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр.

Келе жатыр ...

Балалар: Жаңа жыл!

Бәрекелді онда барлығымыз Жаңа жылымызды қошеметпен қарсы алайық

(Тышқан жылы келеді.)

 

 

 

Тышқан жылы:

Ой, жарайсыңдар!

Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар. Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым. Міне орталарыңа да келіп жеттім. Мен келген сәттен бастап қадамым құтты, еліміз берекелі жыл болмақ. Тілегім болсын мәңгі ашық аспан, 2020 жылға қадам басқан  Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!
1- Жүргізуші: Ал енді кешіміздің көркін келтіретін Аяз атамыз бен Ақша қарымыз қашан келер екен? (есік жаққа қарайды)

Доңыз: Асықпаңдар, олар келіп қалады, мен үлгермей қаламын деп асығып озып кеттім, ауыр сыйлықтарын арқалап жете алмай келеді.

2-жүргізуші

Достар мен жақсы хабар естідім.

1-жүргізуші

Ол қандай хабар?

2-жүргізуші

Біз әңгімелесіп тұрғанда Аяз ата мен Ақша қар да,  келіп қалыпты. Қол соғып, қошемет көрсетіп қарсы алайық.

Балалар: Аяз Ата!

Аяз ата:Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болысын. Ат терлетіп сендерге сонау алыстан келдім.

Ақшақар:Саламатсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп, есікті зорға ашып жеттік-ау! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Қош келдің, Жаңа жыл! Жақсылықтың нышаны бол, барлық шаңыраққа береке-байлық әкелгейсің!

Аяз Ата: Рахмет саған ескі жыл, бізге көп қызмет атқарып, өзіне артқан барлық ісінді мүдірмей атқарып шықтын.

Ескі жыл: Армысың Аяз ата ақсақалым,

Бармысың сұлу көркем Ақшақарым,

Күтуде өзіңізді барша қауым.

Мен өз ісімді атқардым деп ойлаймын

Қоштасатын кеш келді.

Кездесерміз әліде.

Сау болыңдар халқым менің

Жақсылықта жолыққанша

(Доңыз қоштасып кетеді)

 

Аяз Ата: Ал, айналайын, жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл!

Жаңа жыл: Амансыз ба. Аяз Ата , Ақшақар  Рахмет сіздерге маған сенім артқандарыңа

Мен- Жаңа жылмын

Мен-Жаңа нұрмын

Мен-жаңа жырмын

Баршаңызбен біргемін

Тағат таппай күткенің

Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Тышқан жылмын

Әкелемін барашаға

Жаңа бақыт, жаңа жыр

Аяз Ата:

Армысыңдар,қарақтарым,

Армысыңдар, құлындарым!?

Жаңа жылды алып келдім,

Ақ шырақты жағып келдім!

Сендерге мына балаларым,

Тәтті сыйлық алып келдім!

Олай болса, сендерге сыйлығымды үлестірейін! Ол үшін сендер маған өнерлеріңді көрсетуге тиіссіңдер.

1-жүргізуші:

Жаңа жылды қарсы алайық бәріміз,

Керемет қой жаңа жылғы әніміз.

 Ән айтамыз бәріміз де қуанып,

Жаңа жылдың біз, сіз болар сәніміз- дей келе ортаға    5-6 сынып оқушыларын шақырайық. (Жаңа жылдық тілек)

2-жүргізуші:

20 жаңа жыл құтты болсын! Келіп жеткен Тышқан жылы бәрімізге бақ - береке, мол ырыс - дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа Жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен сізді қуанышқа бөлеп, алдағы жылыңызға шат - шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!

1-жүргізуші:

Боранмен буып белді,

Жаңа жыл тағы келді.

Берекесін ала келсін,

Нұрға бөлеп біздің елді.

2-жүргізуші:

Келді тағы жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді, -дей келе ортаға     9 -сынып оқушыларын, қол соғып қарсы алайық! («Флешмоб» биі)

1-жүргізуші:

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

2 -жүргізуші:

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Ортаға     -сынып оқушыларын шақырамыз.(жеке ән)

Аяз Ата:Әй, бәрекелді! Осы мерекеде күміс көмей, жез таңдай әншілер бар деп еді, мына әсем әуеннен көңілім көтеріліп қалды.

Ақша қар: Ата, әуелетіп ән салар әншілер ғана емес таланнты өнерпаздар бер деп те естіп едім. Мен сол өнер көрсетер таланттарды күтіп отырмын.

1-жүргізуші: Әрине біздің барлық оқушыларымыз өнерлі. Қане достар өздерің хабарлап жіберіңдерші!

2-жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі

Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.

Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,

Кішкентай шәкірттердің ержетуі

1 -жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Доңыз жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт-деген ерекше құрметпен    -сынып оқушыларын шақырайық.

2-жүргізуші:

Ал, халайық, тұрмайық
Әндетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
1-жүргізуші:Көңілді кешімізді ары қарай жалғастыру үшін ортаға - сынып оқушыларыншақырайық.

Аяз Ата: Ақша қар, қызым осы топпен бізде қосылып билесек қалай қарайсың? Жас кезімде жақсы билейтін едім.

Ақша қар: Ата, шырша кеші өте көңілді өтіп жатыр, билесек билейік!

2-жүргізуші:

Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым, -дей отырып, ортаға   -сынып оқушыларын шақырайық.

1-жүргізуші:

Жаңа жылда жарассыншы әніміз,

Әнмен болар бәріміздің сәніміз.

2-жүргізуші:

Жаңа жылға жақсы тілек тілейік,

Тату-тәтті, бақытты өмір сүрейік!- дей келе ортаға    - сынып оқушыларын шақырайық. (Жаңа жылдық 5 тілде тілек )

1-жүргізуші:

Уа, ағайын, той бүгін!

Думанды басқа қой бүгін.

Бәріміз үшін ойлы күн,

Жаңа жылдық той бүгін,-дей келе ортаға   - сынып оқушыларын шақырайық. (Вальс)

2-жүргізуші:

Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы,арманы,

Жақсы дәстүр көбейсін-дей отырып кешімізді одан әрі жалғастырамыз,ортаға  - сынып оқушыларын шақырайық.. (Би)

Аяз ата:

Қарақтарым,шырақтарым!

Мен сендердің өнерлеріңді көрдім,әндеріңді тыңдадым,енді сендерге деп арнайы дайындаған сыйлығымды берейін.

Аяз Ата:

Ал, балаларбіздің  де кететін уақытымыз болды. Келесі жылы қайта көріскенше. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып басымыздан бақ пен береке кетпесін. Жаңа жылдағы барша армандар мен мақсаттарың орындала берсін. Аман сау болыңдар. (шығып кетеді)

1-жүргізуші:Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын, балалар.

2-жүргізуші:Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын!

3-жүргізуші:Осымен думанды кешіміз тәмам, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!

Просмотров: 403


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст