Тақырыбы: Физика – әлем кілті
Мақсаты :
Білімділік:Оқушының физика пәні бойыншабілім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру
Дамытушылық: Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлі, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру,біліміне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу
Пән аралық байланыс:математика, информатика, биология
Техникалық құралдар:Интерактивті тақта, компьютер, презентациялар
Түрі: танымдық – ойын
Жүргізуші:
Ғалымдардың патшасы атанғансың
Архимед, Ньютон, Галилейден бата алғансың
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән – физика атанғансың
Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған, зерек болуы заман талабы. «Физика – әлем кілті» атты сайысқа 7-8-9 сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін сынайды.
Сайыс жоспары:
І. Тест– (тест парақшалары)
ІІ. Сіз білесіз бе? (үй жұмысы)
ІІІ.Формулалар мекені – (слайдпен жұмыс)
ІV. Сырлы сұрақ (экраннан сұрақ)
V. Құрал-жабдықпен жұмыс (тәжірибе жасау)
І. Тест–(тест парақшаларымен жұмыс жасау)
Тест бойынша кім қанша сұраққа жауап береді, сол сонша балл алады
ІІ. Сіз білесіз бе? (үй жұмысы)
Ой санамда болса да балалығым,
Ғылым сырын білемін, даналығын.
Физика заңдылығын меңгертіп,
Зерделімін, білімдімін, саналымын!
Оқушылар алдын-ала берілген тапсырмалар бойынша физикалық құбылыстардың, күнделікті тұрмыс –тіршілікте алатын орыны туралы қосымша ақпараттармен таныстырады.Әр оқушының өзінің дайындаған тақырыбына байланысты құралдары және Power paint-та жасалған презентациялары болуы керек.
(Энергия,жарық,жылу,күш, жұмыс,қозғалыс,қуат т.б)
ІІІ. Формулалар мекені
Жүргізуші:
Формулалар мекені – (слайдпен жұмыс)
Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшін,
Есеп-қисап, сан, цифр термек үшін
Көрсетіп есептеудің жолын қалай
Келдім айтып оларды бермек үшін
«Формулалар мекені» бөлімінде сайыскерлеріміз экрандағы ұпай сандарын таңдайды .Формуланың күрделілігі ұпай санына байланысты болады.
Клайперон
ІV. Сырлы сұрақ
Жүргізуші:
Ағатын мөлдір бұлақтар
Білімнен кім бар жырақтар?
Тақтаға қарап үңілсең,
Сырлы сауал сұрақ бар.
Физика пәнінің басқа пәндермен байланысын қарастыру барысында экрандағы номерлерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру керек.
(Экраннан бейне сұрақтар)
Сұрақ:Адамның шашын, қасын, мұртын қырау шалатыны неліктен?
Жауап:Тыныс алғанда шыққан бу суық нәрсемен кездескенде конденсацияланады.
Сұрақ: Оқу шеберханасында саймандарды қайрау кезінде қандай физикалық құбылыс байқалады?
Жауап: Қысым және қатты денелер арасындағы құбылыс.
Сұрақ:Найзағай жарқылы көрінгеннен кейін біраздан соң ғана күннің күркірегені естіледі. Неліктен?
Жауап: Найзағайдың (жарықтың) таралу жылдамдығы С=3·10 м/с, дыбыстың таралу жылдамдығы U=340 м/с, сондықтан Күннің күркіреуін соңынан естиміз
Сұрақ: Судан шыққанда жануарлар сілкінеді. Олардың судан сілкініп құрғатылуы физиканың қай заңына негізделген?
Жауап: Инерция
Сұрақ: Дене шынықтыру сабағы кезінде снарядтармен жұмыс жасау кезінде алақанды магнезиямен, ал шаңғының табанын конифольямен сүртеді. Неге?
Жауап: Үйкеліс күші
V. Құлал-жабдықпен жұмыс (тәжірибе жасау)
Механика бөлімі бойынша қозғалыс және күш сенсоры арқылы орындалатын тапсырмалар үлгілері берілген. Xplorer GLX құрылғысын пайдалану арқылы жұмысты орындап,экранда көрсету арқылы нәтижесін түсіндіру.
Тапсырмалар:
-Импулстің сақталу заңын анықтау
-Көлбеу жазықтықпен қозғалған кездегі үдеу
-Механикалық арбашаның жылдамдығы
-Тепе - теңдік күйдегі күштер.
-Гуктың серпімділік заңы
Көрермендермен жұмыс: «Физикалық терминдер»
Бұл сайыста оқылған сөздердің қай елдің сөзінен шыққандығын анықтау қажет.
Жүргізуші:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, – деп Абай атамыз айтқандай, уақытында математика, физика пәндерінің сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін көп оқып, ізденуіміз керек.Бүгінгі таңдағы физиканың тың жаңалықтарын меңгеріп, алдағы уақытта еліміздің, жеріміздің көркеюіне білімі мен қабілеті бірге ұштасқан жастар –ол біздің болашағымыз. Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтаймыз.