2023 жылдың 27 ақпан – 1 наурыз уақыт аралығында «Алғыс айту» күні байланысты мектебімізде іс-шаралар өткізілді. Мақсаты: Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды патриоттық тәрбиеге баулу.
27 ақпан – 1 наурыз уақыт аралығында 1-10 сынып арасында «Алғыс білдіру – ең асыл сөз» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушыларға алғыс, ризашылық, жақсы тілек туралы түсінік беру, еліміздің ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық сезімді бағалау, рухани бай, адамгершілік қасиеттері мол ұрпақ тәрбиелеу мақсаттары көзделді.
28 ақпан күндері бастауыш сыныптар арасында «Рақмет саған Отаным!» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді. Оқушылар Отанына, туған жеріне деген шынайы сүйіспеншілігін,жүрек жарды алғыс сезімін сурет арқылы білдірді. Суреттер сурет көрмесіне ілініп, көрмеге қатысқан оқушыларға мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері тарапынан алғыс айтылды.
1 наурыз күні «Қазақстан – ортақ үйіміз» тақырыбында мерекелік іс- шара өткізілді. Іс- шараға мектеп оқушылары белсене қатысып, әр ұлттың киімдерін киіп, сол халықтың өнерін, салт-дәстүрлерін, тағамдарын дайындап мерекелік іс-шара өткізді. Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі Мемлекеттік Гимн шырқалып, өз өнерлерін көрсетті
https://www.instagram.com/p/CpPA06QqeLh/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/p/CpPBFCUKBq7/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/p/CpRwbxtMbYB/?igshid=MDJmNzVkMjY=