«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бұл әндер соғыста шырқалды"

22.01.2020

Армысыздар ұстаздар ,оқушылар! Бүгінгі іс -шара қажырлы еңбектерімен жеңісті шыңдағандарға, қан майданда әкелері мен ұлдарынан, бауырларынан айырылған

әрбір жанұяға қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, Жеңістің 75 жылдық тойына арналады. Әр іс – шара әнұрансыз басталмаған.

Әнұран ойналсын!

 Жеңіс бізге атылған оқ пен ғана келген жоқ,әнмен де келді.Жауынгерлерді ән алға жетеледі,жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп,үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.

Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай. – дей отырып

2 сынып оқушыларының орындауында «Жойылсын жалғыз сөз соғыс» әні

Келесі тамашалайтындарыныз 1 сынып оқушыларының орындауында «Катюша» әні

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болсадағы ғасырдың бұл қай жылы.

Әрқашанда бас иіп бір минут

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны

(1 минут үнсіздік)

Соғыс, соғыс

Соғыс тажал соғыс неткен сұм еді

Сол соғыстан соқпай қалды қанша адамның жүрегі

Сол соғыстан өз үйіне оралмады қанша жан

Қанша сұлу жесір қалды жарың күтіп аңсаған.

Ән «Соғыстан қайтқан солдаттар» 7-8 сынып оқушыларының орындауында.

Қазақ халқымыз домбыра үнімен өздерінің қайғыларын, қуаныштарын жеткізе

білген.Келесі тамашалайтындарыныз:

4 сынып оқушыларының орындауында «Домбыра» әні

Келесі тамашалайтындарыныз 9 сынып оқушыларының орындауында

 «Болмасын соғыс»

6 сынып оқушысы Жүніс Балжанның орындауында «Қазақ аруы» мәншүк монологы.

Келесі 3 сынып оқушыларының орындауында «Соғыстан қайтқан солдаттар» әні

Жеңістің 75 жылдығын тойлап жатырмыз. Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емеспе?Жеңіс жолында көптеген асыл азаматтарымыз мерт болды. Соғыс жайлы шамалы бір суреттерге көз салсаңыздар.

 Слайд көрсету.

Жетпіс бес жыл бойы көктем таңы атқалы,

Жетпіс бес жыл шуақты күн таратты әнді.

Есімізде жетпіс бес рет сонан бері,

Ашылды Жеңіс күннің парақтары – дей келе іс – шарамызды жабық деп

 жариялаймыз.

Просмотров: 339


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст