Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде 10-14/04 /2023 ж аралығында химия, биология, география апталығының өтілгені туралы ақпарат
Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде химия, биология, география апталығына орай «Жер –Ана ортақ үйіміз, табиғат - тылсым жұмбағы» атты тақырыпта апталық жоспарланды. Апталықтың мақсаты: химия,биология, география пәндеріне қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде алған білімдерін қорыту және тереңірек дамыту. Оқушыларды экологиялық мәдениетке және табиғатты қорғауға , аялауға тәрбиелеу. Апталықтың алғашқы күніне орай стенд шығарылып лездемеде сұрақтар қойылды.
11/04 күні «Жер біздің ортақ үйіміз» тақырыбында оқушылар мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында ағаш отырғызу акциясын жүргізді. Апталықтың төртінші күні «Қиын да, қызық- химия» атты 9-10 сыныптар арасында қызықты сайыс сабақ өтті. Мақсаты: оқушыларға химия ғылымның құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып , ойын элементтері арқылы қосымша материалдардан мағлұмат беру, ой өрісін дамыту.
«Өз ауланды таза ұста» тақырыбында оқушылар өз үйлерінің аулаларын тазалап тазалық акциясын жүргізді.