«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2020 жылы 3 ақпанда Жамбыл орта мектебінде «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне байланысты жалпы мектептік салтанатты ашылу жиыны туралы іс-шара

03.02.2020

2020 жылы 3 ақпанда Жамбыл орта мектебінде «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне байланысты жалпы мектептік салтанатты ашылу жиыны туралы іс-шара

Біз XXI-ші ғасырда, адам санасының шарықтап дамыған уақытында өмір сүру мүмкіндігін алып отырмыз. Бұл бізден осы заманның сұранысы мен  талабына сай білімді, рухани байлықты қажет етеді. Баланың жеке тұлға ретінде үйлесімді қалыптасуы мен дамуы өзін-өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақшы. Осы орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне арнап келе жатқан Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының маңыздылығын және сырлы әлемге толы дүние екендігін баршаға таныту мақсатында 2020 жылы 3 ақпанда Жамбыл орта мектебінде «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жалпы мектептік салтанатты ашылу жиыны өткізіліп, онкүндік бойынша іс-шараның жоспарымен таныстырылды. Мектеп директоры М.О.Дюсекеева  сөз сөйлеп, оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты бағалай білуге, жақсылық жасауға, адамгершілікке, достық, татулық, мейірімділікке шақыра отырып, онкүндіктің жақсы деңгейде өтуіне сәттілік тіледі. 6-9 шы сынып оқушылары  шағын концерт дайындап, оқушыларға арнап бағдарламаның негізін қалаушы Сара Назарбаева туралы бейнебаян тамашаланды.

Дәстүрлі онкүндікті ұстаздар, оқушылар үлкен қуанышпен қарсы алды.

Онкүндіктің мақсаты: Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту, оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды дамыту, өзара келісім мен  өзара түсіністікке баулу, мейірімділік пен  адамзатқа деген сүйіспеншілікті  қалыптастыру.

Просмотров: 332


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст