Мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпасқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары,
еліміздегі адамгершілік-рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетіндегі өмір сүрген барлық халықтардың арманы –өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіру.Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, жүрекшенің үлгісі.Сара Алпысқызы портреті, интерактивті тақта.
Шаттық шеңбері:
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жүрек жылуын сыйлаған балаға»
Сабағымыз Қазақстандық Ана, өзін-өзі тану пәнінің авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналады.
Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Сіздерді «Шаттық шеңберін» құруға
ортаға шақырамын. Шеңбер бойымен жұмсақ жүректі бір-бірімізге бере отырып, көршілеріңізбен амандасып, тілек айтуларыңызды сұраймын...
- Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Бір-біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарай қолдарыңды созыңдар.
Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.)
Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.)
Күлімдеп күн бүгін, (қасындагы балаға қарайды)
Қарады саған да
Шуақпен төгіп нұр.
Әңгімелесу
Оқушылардың Сара Алпысқызы Назарбаева туралы ойларын білу үшін әңгімелесу жүргізіледі.
-Сара Алпысқызы туралы не білеміз?
1 оқушы:
Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді.1962 жылы Н.Ә. Назарбаевқа тұрмысқа шықты, үш қызы, немерелері, шөберелері бар.
1992 жылғы ақпан айынан бастап — «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Қор өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу, балаларға адамгершілік-рухани білім мен тәрбие беруде қоғамға нақты көмек көрсетеді.
Сара Алпысқызы Назарбаева
2 оқушы:
«Еркелетіп күнім деп,
Құлпыра бер, күнім деп.
Отан Ана қуанар,
Бізбен бірге күлімдеп.»
3 оқушы:
Бүгін – «Бөбек» қорының негізін қалаушы, Сара Алпысқызының туған күні. Қазақстанның бірінші ханымы – 72 жаста. «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін-өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға. Ол таратқан білім негізінде бүгінде оқушылардың өмірге деген көзқарасы өзгерді. Тәрбие дұрысталды деп санайды.
4 оқушы
Өзін-өзі тану
Өзіңді тану-ғаламды тану,
Жақсы менен жаманды тану.
Өзіңді-өзің талқыға салып,
Адал менен арамды тану.
Қателігіңді түсіне білу,
Дұрыс жүріп, күтіне білу.
Үлкенді сыйлап, кішіні сүю,
Күлетін жерде жөнімен күлу.
Сабақты оқып, тәртіпті болу,
Білімді жинап, дүниені шолу.
Өзіңді –өзің тану дегенің,
Өз мойындағы мінді жою
Дәйексөз
«Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын»
ОРТАЛЫҚТЫҢ ТАРИХЫ: БАСТЫ ОҚИҒАЛАР
1995 жылдың маусым айы – «Бөбек» орталығы құрылысының алғашқы іргетасы қаланды.
1997 жылдың 5 қарашасы – Алматы қаласында «Қазақстан аймақтарындағы денсаулықтары нашарлаған балаларға арналған республикалық сауықтыру орталығы ашылды.
1999 жылдың сәуірі – денсаулықтарын нығайтуға келген балаларға білім беру мақсатында орталық «Республикалық оқу-тәрбие орталығы» болып қайта құрылды.
1999 жылдың желтоқсаны – балалар кешеніне «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» республикалық оқу-тәрбие орталығы» деген атау берілді.
2001 жылдың наурызы – Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білімі жобасын әзірлеуді ұсынды.
2002 жылдың қыркүйегінде – «Бөбек» орталығында «Өзін өзі тану» эксперименттік мектеп-гимназиясы ашылды.
2003 жылдың cәуірі – «Бөбек» орталығы базасында Адамның үйлесімді дамуы республикалық институты құрылды.
2003 жылдың сәуірінде – «Бөбек» орталығы еліміздің білім мекемелерінде «Өзін өзі тану» эксперименттік бағдарламасын тәжірибеден өткізу және енгізу бойынша негізгі үйлестіруші болып белгіленді.
2003 жылдың қарашасы – «Бөбек» орталығы Өнеркәсіп ынтымақтығы ассоцияциасының «Білім және ғылым» номинациясы бойынша Алтын медальмен марапатталды (Париж қаласы).
2004 жылдың қарашасы – «Бөбек» орталығы білім беру статусына ие болуына және қызмет өрісінің кеңеюіне байланысты «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» («Бөбек» ҰҒПБСО) деп атады.
2006 жылдың наурызы – «Өзін өзі тану» пәнінің Мемлекеттік стандарты бекітілді.
2009 жылдың қазан айы – 184 эксперименттік алаңшалардың тәжірибесі қорытындыланды. «Өзін өзі тану» пәні бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендеді даярлау және апробациялау аяқталды.
2010 жылдың 1 қыркүйегі – «Өзін өзі тану» пәнін Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізу басталды.
Тыныштық сәті
Оқушыларға өз жүректерінің жылулығын, мейірімділікті сезіндіру мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады. Мұғалім оны орындау жолын айтып өтеді:
Музыка қосылады.
-Балалар денелеріңізді түзу ұстап, еркін отырыңыздар.Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар. Денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер.
-Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшіні штей оларға жақсы тілектер тілейік.
Балалардың мейірбандық жүрегі
Адамдарға бақыт, шаттық тілейді
Сен мейірімдісің!, Сен кішіпейілсің!; Сен әдемісің!; Сен қайырымдысың!; Сен ізеттісің! Сен қамқоршысың!
Мұғалім
- Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік.
- Күлімдеген күнмейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату-тәтті достарым мейірімді!
Ризашылық әні
Ризамыз бүгінге!
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!
Қорытынды:
1) Сара Алпысқызы кандай қорды алғаш рет ашты?
2) Сара Алпысқызының қандай сыйлығы және қандай атақтары бар?
3) Ана туралы қанатты сөздер жаз?