Текст
Жамбыл орта мектебінде «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жоспарына сай 4 ақпан күні «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқауды қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Қуанышова Д.О. 6-9 сыныптар арасында өткізді. Сайысқа қатысқан оқушылар оқулықта берілген авторлардың өлеңдерін жатқа айтты. Сайысқа қатысқан 8 оқушының 3 оқушысы жүлделі орынға ие болып, мадақтау қағазымен марапатталды.
«Сүйіспеншілікпен өмір сүру атты тақырыппен оқушылардың әлеуметтік жобаларының презентацияларын қорғау бойынша Әлжанова Ш.Ш. 9 сынып оқушыларымен өткізді. Оқушылар өздерінің жасаған жобаларын қорғады. 9 сынып оқушысы Дюсекеева Айым «Менің құрдастарым» атты жобасын өте жоғары дәрежеде қорғап шықты.