«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Патриоттық , адамгершілік , қайырымдылық»

05.02.2020

«Патриоттық, адамгершілік, қайырымдылық»  
 

5 ақпан күні  Жамбыл орта  мектебінде болашақты жасайтын ертеңгі азаматтар - бүгінгі жас ұрпақ, оларды тәрбиелеу  мақсатымен  тарих пәні мұғалімі  Шарымов Т.И. үлкен іс- шара «Патриоттық , адамгершілік , қайырымдылық»  деген тақырыпта  дебат өткізді. Шараға  8 - 9 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға бейнеролик көрсетілді. Әр оқушы өзінің ойын айтып кетті. «Адамға ең бірінші керегі - тәрбие беру. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі», - деген екен данышпан Әл-Фараби бабамыз .Жас ұрпаққа тәрбие берудің ең бір қажеттісі, мол тәрбиенің түрі, бұл – патриоттық тәрбие.Рухани дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру үшін оқу- тәрбие процесінде адамгершілік танымдық,ұлттық, әлемдік салауатты өмір салтын, дүниетанымдық бағыттағы мәдениеттерді дамытуымыз керектігін  айтып өтті. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға тоқталып әр оқушы өз ойларын айтып кетті.

Мектебіміздің кітапханашысы Қуанышова Д.О. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылардың, педагог-гуманистердің шығармаларының көрмесін ұйымдастырды.

Просмотров: 332


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст