Текст
5 ақпанда «Мейірім төккен ана» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, онда Мектебіміздің кітапханашысы Қуанышова Д.О. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылардың, педагог-гуманистердің шығармаларының көрмесін ұйымдастырды. Онда өзін-өзі тану туралы мағлұмат алатын «Самопознание kz», «Өзін-өзі тану» журналдарының топтамасы«Мен АДАММЫН», «Тағылым», «Қазақтардың дүниетанымы» С.Назарбаеваның еңбектері т.б өзін-өзі тану негізінде, баланың адамгершілік – рухани әлеуетін көтеру мақсатында ақпарат көздерімен толықтырылды.