Текст
Жамбыл орта мектебінде 6 ақпан күні оқушылардың дарындылық қабілеттерін ашу бағытында «Әлем мейірімділік пен сұлулыққа толы» тақырыбымен балалардың шығармашылық сурет көрмесі ұйымдастырылып, өткізілді. Оған балалардың Отан, достық, қайырымдылық, отбасы, табиғат тақырыптарына салынған суреттері жинақталды.Байқау барысында оқушылардың белсенділік танытып, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттырды.
Мектеп тәлімгері «Қайырымдылық жер бетінде!» атты ұранымен оқушылар арасында флеш-моб ұйымдастырды. Өзін-өзі тану мұғалімі «Мейірімділік – асыл қасиет», «Өнеге-отбасынан», «Кәусар бұлақ тұнығынан», «Қызығы толы бұл әлем» тақырыбында танымдық сабақтар, ашық сабақтар өткізді.