Текст
Жамбыл орта мектебінде 7 ақпан күні оқушылардың дарындылық қабілеттерін ашу бағытында «Ән – көңілдің ажары» атты балалар арасында әндік фестивальдар мен конкурстар ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты:
Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін, оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл-қыздарын тәрбиелеу.
«Өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, Отан, достық, қайырымдылық, отбасы, табиғат тақырыптарына ән айтып, өздерінің шығарған өлеңдерін оқып, рухани жан дүниесінің сұлулық пен мейірімге іңкәр қайнар көзін ашты.