Армысыздар, саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған қадірменді қонақтар мен құрметті ұстаздар және білім алушылар!
Ақыл-ой ақындықтың киесі-Абай!
Түгел сөздің түбі бір жүйесі-Абай!
Адалдық, ар ұяттың данышпаны
«Өлең-сөздің патшасы» иесі Абай!, -демекші бүгінгі өткізгелі отырған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе....» атты көркемсөз оқу сайысымызға Қош келдіңіздер!
Абай-қазақ халқының ұлы перзенті, ақын дарын иесі. Абайдың өнегелі өмірі, әрбір ұланның жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Абайдың әр сөзі білген адам үшін өнеге, өсиетке толы. Сондықтан Абай сөзімен айтқанда, адам болам десеңіз, абай жолымен жүріп,ата баласы емес, адам баласы болып, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін бойға сіңіре беріңіздер деп айтқым келеді.
Сайысымыз 3 кезеңнен тұрады:
«Абай айтқан асылдар» деп аталатын 1-ші кезеңімізді бастаймыз. Яғни, бұл кезеңімізде нақыл,өлең сөздердің жалғасын табу.
Сайысымыздың 2 -кезеңі «Абайдың қара сөздерін» жатқа айту кезеңі.
Келесі сайыстың шарты бойынша әр оқушы жеке-жеке қара сөзді мүдірмей оқудан сайысады.
1-жүргізуші
Сайысымызыдың 3 -кезеңі «Жыр жазамын Абайдың үлгісімен» шығармашылық кезеңі.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Жоқ барды, ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді,тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,-деп Абай атамыз жырлағандай, өзі салған өрнекті өлең үлгісімен бүгінгі ұрпақтарға өлең шумақтарын құрастырып келген болатын. Олай болса сол өлеңдерін оқуға оқушыларымызды шақырамыз.
Қорытындылау:
Абай барлық қазақ халқының мақтанышы ғана емес, ар-ұяттың, ұлттық намысы. Абай шыққан биік, Абай байлаған тұңғиық қазақ халқының шыққан шыңы, ой түбіне сүңгіген тереңі. Сондықтан, Абайды оқымаған, сөзін көңіліне тоқымаған, тым құрыса бір өлеңін жатқа білмейтін оқушылар болмауға тиіс. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер жазушы Мұхтар Ауезов «Мен Абайды тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал, біз, Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек сол тереңнен дәмін ғана таттық ғой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуден, ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық. Сайысымызды қорытындылай келе, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқтаймын. «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» дей келе, біз де Елбасымыздың атқан сөзіне қосыла отырып,
«Асыл сөзді іздесең Абайды оқы, ерінбе...» атты мәнерлеп оқу сайысын аяқтаймыз.