Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылуына 31 жыл толуына байланысты «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман Тек сенен Есте қалған...» атты өткізілген іс-шараның мәліметі
Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың қайғылы беттерінің бірі. Он жылға жуық бөтен елдің мүддесін қорғаған Ауғанстандағы шектеулі контингент әскерлері құрамында Қазақстаннан 22 269 жауынгерлер өздерінің интернационалдық міндетін атқарды. 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО Қарулы күштері Ауғанстанға кіргізілген еді. Бұл қасірет ауған елінің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес Одағының әскері ауған жерінен шығарылды. Міне, содан бері тура 31 жыл өтіпті. Осыған орай мектебімізде «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман Тек сенен Есте қалған...» ақпаратты стенд шығарылыды
«Ауғанның асуында от кешкендер» атты тәрбие сағатын Қабылтаева Г.А. өткізді.
Ауғанстан жерінде Отан алдындағы борышын өтеп, елге оралмаған отандастарымыздың әруақтарына арналған «Ауғанның отты жылдары» атты салтанатты жиын өткізілді. Сол салтанатты жиында ардагерлердің туыстары, достарымен оқушылардың кездесулері ұйымдастырылды. Кездесулер барысында Ауған соғысы ардагерлерінің болашақ Отан қорғаушыларға олардың жүріп өткен жолдары, соғыста көрген қиыншылықтары және олардың басынан өткерген оқиғалары туралы әңгімелеп, оларды болашақта елін, жерін қорғауға аянбай күш-жігер жұмсауға, өз елінің шын патриоты болуға бағыттады.