Жоспарға сәйкес 21 ақпанда Жамбыл орта мектебінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында "Қазақстан-біздің ортақ үйіміз" атты халықтар достастығы фестивалі өткізілді. Іс-шара оқушыларды әлеуметтік маңызы бар құндылықтарға баулуға, ұлтаралық және этникалық қатынастар мәдениетін арттыруға, елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағытталды. Фестивальға еліміздің этно-мәдени бірлестіктерінің әртүрлілігін ұстанған мектеп оқушылары қатысты. Фестиваль аясында этномәдени бірлестіктердің театр және көркем қойымдары өтті, театралдандырылған, вокалды және хореографиялық қойылымдар мен би композициясы көрсетілді. Осы қойылымдарда Қазақстанның көпұлтты халқының өзіндік мәдениеті мен Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктері, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімінің қазақстандық моделінің бірегейлігінің негізін Қазақстан халқы Ассамблеясы құрайды.