Көктемнің алғашқы мерекесі - алғыс айту күні. Бұл күні Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында қаншама маңдай терің төккен жандардың бір-біріне риясыз алғысын айтып, құрмет көрсету күні. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті, 2016 жылдың 14 қаңтарында Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассаблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады. Адамзат баласын жақындастыратын құнды қасиет – адамгершілігі. Адамгершілігі мықты жанның әркезде де өзгелерге көмектесіп, алғыс алуы анық. Бір-біріне алғыс айту арқылы араларындағы сүйіспеншілік пен махаббатты нығайта түседі. Бұл мерекенің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың достығы мен бір-біріне деген құрметін арттыру. Елбасымыз бұл күн туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күні бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек.
Осы іс-шараға байланысты біздің мектепте де «Алғыс айту» күні аталып өтті. Оқушылар, ұстаздар, ата-аналар өз елімде еркін өмір сүріп жатқаным үшін Қазақстан халқына, отбасыларына, бар мейірімімен тәрбиелеп жатқан ата-аналарына, өздерін әркез қолдап жүрген бауырларына, достарына, білім нәрімен сусындатып жүрген ұлағатты ұстаздарына шексіз алғысытарын білдірді.