«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Шеберлер қалашығына саяхат»

03.03.2020

«Шеберлер қалашығына саяхат » сайыс сабақ Сайыстың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білімін, жан-жақты ойлау қабілеттері мен ой ұшқырлығын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды кәсіби біліктілікке, өз бетімен еңбектенуге, алғырлыққа, тапқырлыққа және жан-жақты дамыған азамат болуға тәрбиелеу.

Құммен ұқыпты жұмыс жасай білу дағдысын, құм терапиясы арқылы табиғи дүниені өз алақандарымен сезіне білу, табиғат сырын ұғынып, оны қорғай білу қасиеттерін, қол, саусақ моторикаларын, танымдық даму деңгейлерін дамыту

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және бүгінгі сайыс сабаққа қатысушы оқушылар!

«Біз еңбекті, өнерді сүйетін-мәңгілік ел болашағымыз » көркем-эстетикалық пәндер онкүндігінде өткізгелі отырған

«Шеберлер қалашығына саяхат»  сайыс сабағымызды бастаймыз. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, бүгінгі білім, шеберлік сайыс сабағын бастауға рұқсат етіңіздер!

Шақырамыз келіңдер жарысуға,

Білімменен шеберлікпен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Қанеки, кім шығады сайысуға.

Бүгінгі сайысымызға мектебіміздің оқушылары білімдерін, шеберліктерін ортаға салады.

«Шеберлер қалашығына саяхат» сайыс сабақ

«Кәсіп болмай, нәсіп болмас.»

Төле би.

-Уа халайық, халайық!

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде

Шеберлердің елінде

Шеберлердің тілінде

Көңілді кеш жасайық.

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық.

Таныстырайын әділқазы алқаларын, - демекші сайыскерлердің өнерлерін, білімдеріне және шеберліктеріне баға беруші әділқазылар мүшелерін таныстырып өтейін.

Сайысқа қатысушылар сайыс шарттарымен танысады.

І кезең «Таныстыру»

ІІ кезең «Шеберлер қиялы» сайысы

ІІІ кезең  «Полиглот» (жұмбақтын шешімін)

І V кезең  “Сурет салу өнері” (шеберлік сайысы)

І кезең «Таныстыру»

Оқушылар топтарға бөлініп топ аттарын айтып таныстыралы

Таныстырып өздерін өтсе деймін, - деп сөз кезегін оқушыларға береміз. Топтарымен таныстырады

«Таныстыру» бөлімі.

ІІ кезең «Шеберлер қиялы» сайысы (ермексазбен жұмыс)

Сайыс шарты бойынша әр топ, ермексаздарды алып топбы мен бірге құстың бейнесін , үй жануарларын мүсіндейді жасайды. Ермексазбен бұйым жасауға 5 минут берледі .

«Шеберлер қиялы» бөлімі де 3-5 ұпай бағаланылады .

ІІІ бөлім “Полиглот” (жұмбақтын шешімін 3-тілде айту) 5-15 ұпай

Бұл бөлімде оқушылар 3- тілде өз өнерлерін көрсетеді.

Сайыстың бұл бөлімі де 5-15 ұпаймен бағаланады.

1.“Қабат-қабат қаптама, Ақылың болса, аттама” (Кітап, книга, book )

2. “Ауланы күзетеді босағадан,” (Ит, собака, Doog)

3. “Қалқиып ұзын құлағы, Елеңдеп, қорқып тұрады.” (Қоян, заяц, rabbit)

4. “Бірде табақ, Бірде орақ” (Ай, Луна, Moon)

ІV кезең «Сурет салу өнері» (шеберлік сайысы) құмыраның суретін салу. Сурет салуға 5 минут уақыт беріледі. Бұл соңғы кезеңде оқушылар құммен суреттер салады. 5-10 ұпай беріледі.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Мінеки, біздің бүгінгі өнер, білім және шеберлік сайысымызда өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтауға әділқазылар алқасына сөз береміз. Жеңімпаз топты анықталып, білімдерін, өнерлерін, шеберліктерімен көзге түскен топтарды марапатталып, сыйлықтар табыс етіледі.

Бүгінгі «Шеберлер қалашығына саяхат» сайыс сабағымыз қатысқан оқушыларды мектебіміз атынан шын жүректен құттықтай отырып, биіктен көріне берулеріне тілек білдіреміз! Келесі кездескенше аман-сау болып тұрыңыздар!

Просмотров: 521


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст