Тақырыбы: «Сарқылмайтын жылылық, Ана аты - ұлылық».
Мақсаты: аналар мен әжелерді, қыздарды халықаралық 8-наурыз мерекесімен құттықтау.
1-жүргізуші: Қымбатты аналар, ұстаздар, қыздар, мерекелеріңізбен!
Бүгінгі мереке 8наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сарқылмайтын жылылық, Ана аты - ұлылық» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Кіріспе сөз
Мұғалім: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі. Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Дина: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті жан аналар!
Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Жұлдыз: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
: Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар
- Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.
Расул: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген – асыл жандар болаттай,
Ана десең –мөлдір жандар бұлақтай
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
Өлең Ана мен әке
Есенғали: Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнап еді бар әлемге тыныштық.
Ана десем – шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Айбек: Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі –Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Аялы қолды талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан;
Суық болса жөргегін,
Қорғасындай балқытқан;
Ойын: ата –ана мен оқушы ойыны
Би:
Бексұлтан: Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам.
Индира:
Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Жансая: Мәнерлеп айту
Ринат: Барша ана құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанде ана сізбен берекеміз
Ақтасақ ақ сүтыңді асыл анам
Сонда біз кісілікке теңесеміз
Асыл анам жасыл бағым жайнаған
Сол бағымда асыр салып ойнағам
Пәк жүрекпен жыр жазды перзентің
Бар тілегі сіздерге арналған.
Слайд:
1-жүрг:
Ақ тілеген жат-жақын жуығына
Өмірдің көніп ыстық-суығына
Алпыс қанат орда бұл елімнің
Шаңырағы сендерсің, уығы да
Ақ жүректі аналар берекеміз
Құтты болсын көктемгі мерекеңіз! –дей отырып, көгілдір көктемнің ең алғашқы мерекесі отбасыларыңызға береке, бірлік, мол несібе ала келсін!
Аналар мерекесіне арналған «Сарқылмайтын жылылық, Ана аты – ұлылық» атты мерекелік ашық тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз!
Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!