Тақырыбы: «Ата-әулеттің тірегі, әже –ұрпақтың жүрегі»
Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған плакаттар
Жүргізуші: Армысыздар ауылымның асылдары. Ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар, ақ жаулықты әжелер! Қазанның алғашқы күнімен қатарласып келіп жеткен мерекелеріңіз құтты болсын!
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл соқса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып қариялар.
Аппақ шашың күн сайын қалыңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Ендеше «Ата – әулеттің тірегі, Әже – ұрпақтың жүрегі» атты мерекелік шараны бастауға рұқсат етіңіздер
Ән: «Ата - Әже» 2 сынып
Жүргізуші: Жұмбақ шешу:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім? (Ата)
Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім? (әже)
І бөлім Ата-әжем мақтанышым,бейнеролик жасау
ІІ бөлім «Жырымды сіздерге арнаймыз»
Халқымызда «Балаң өскенше, немерең өлгенше» деген сөз бар.
Бала,немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана,
Демесең де жат бөтен,
Нағыз бала ойласаң.
«Немере» екен тәтті екен.
Сөз кезегін балаларға берелік.
Ернұр: Менің әжем,ақ әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
Рамазан:
Менің әжем,гүл әжем,
Алтын әжем,нұр әжем.
Анам үшін,мен үшін,
Нағыз әжем,тіл әжем.
Айару: Тентек болсам ашыным,
Жақсы іс қылсам асырып.
Маған сақтап жүреді,
Тәттіні де жасырып.
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін әндерін.
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің.
Иманали: Ата-әжем мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.
Ән: Жақсы көремін -------------------------------------------------
Кенесары: Атам менің әманда,
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
Айсана: Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені?
Мен қазақтың баласы
Кенесары:Атам менің әманда,
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен
Иманали: Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Рамазан: Ата отыр кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз!
Айсана: Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Жүргізуші: Ата-әже ауылымның асылдары,
Жйнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би.
Сіздер үшін мереке шашулары.
Ернұр: Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Ендеше келесі кезекті мектеп оқушылары дайындаған концертке кезекке берейік Ән: « Мың алғыс, Әке» хор 5 сынып
Ән: «Менің әжем осындай» хор 3 сынып
Би: Той деп бүгін биден шашу шашады,
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
6 сынып би-----------------------------
Ән: 5 сынып «Қарттар үйінде» Төлеубай Сезім мен Құлке Данагүлдің орындауында.
4 сынып
7 сынып Би
8 сынып Өлеңдер оқиды
9 сынып Сахналық көрініс: «Қария мен балалар»
11 сынып Ән: «Менің әкем»
Тыныштық елімізге бере берсін,
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып,
Қызығын бейбіт өмір көре берсін.
Алатаудай кейпі биік қашанда,
Таң сызылып, күлер нұр шашарда
Бата бер деп бар адамдар жаяр қол,
Бір биіктен бір биікке асарда.
Сіздерден бата берулеріңізді сұраймыз! (Бата).
Бүгінгі «Ата – әулеттің тірегі, әже ұрпақтың жүрегі» атты кешіміз осымен аяқталды.
Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рақмет!