«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің Отаным- тәуелсіз Қазақстан»

27.10.2023

«Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КМ 

                 Тәрбие сағаты     

«Менің Отаным-  тәуелсіз Қазақстан»

        

                2    сынып

 

                       

                          Өткізген: Кульмагамбетова П.О

 

 «Менің Отаным – тәуелсіз Қазақстан»

Мақсаты:
 Балалардың отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту; Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.

Мұғалім:- Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі салтанатты жиын, Республика күніне арналған  кешімізді ашық деп жариялаймыз!
Республика! Ерiктi ел Қазақстан!
Келдi ақыры көптен күткен жаз алыстан,
Келдi аңсатып, алыстатып, армандатып.
торды бұзған, мен де бiр аз арыстан

І. Әнұран..орындалады.
- Кәне балалар Отан деген не? Кім айтады?
Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен.
Балалар біздің отанымыз қалай аталады? -Біздің отанымыз Қазақстан.     Отан неден басталады? 

  Хор:    Отан от басынан басталады.
            Ендеше Отан туралы өлеңдер оқып береміз

1.Отанды біз Атамекен,     Аянат
   Деп аялап айтамыз.
   Өйткені оны мекен еткен
   Бабамыз бен атамыз.
 2. Отанды жас - кәріміз де,     Зере
    Туған жер деп сүйеміз.
    Өйткені онда бәріміз де,
    Туып, өмір сүреміз.
3.Отан - менің өзегім,            Төреш
   Қиының болса төземін.
   Алдағы бақыт шақтарды,
   Жүрегіммен сеземін

4. Отан деген атамекен          Қаракөз
    Отан деген туған жер.
      Отан ана, Отан үлкен
      Қазақстан туған ел.
Ән: «Туған жердей жер болмас»
Еліміздің бас қаласы қалай аталады?

 - Біздің бас қаламыз Астана
Біздің Президентіміз кім? Қ.К.Тоқаев
Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер? Ту, Әнұран, Елтаңба.
Балалар біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұрады,кәне соларды атап айтайықшы: орыстар, өзбектер, қырғызд,немістер.
-Иә балалар дұрыс айтасыңдар әр түрлі көп ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тұрады екенбіз

.  Аянат  : Арыстандай айбаттым.
                 Жолбарыстай қайраттым,
                 Аспандаған байрақтың
                 Қанша жұлдыз жайнаттың.
                 Қанша бұлбұл сайраттың ,
                 Қазақстан ардақтым.
Қаракөз:  Күнді құшқан қос қыран,
                Аясында қалқыған.
                Аспан түсті туым бар,
                Көк теңіздей шалқыған.

Зере     : Көк туым көтерілді бағым жанып,
               Елтаңбам әлемге танылды анық.
               Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
               Арманым ата заңым қабылданып.
Әлішер   : Өзіңдікі туыңда,
                  От пен ауа, суың да.
                  Жаса Қазақстаным,
                  Белді бекем буында.
Қайырхан: Бұлт баспасын күнімді
                  Тартылмасын өрісің
                  Биік ұстау туымды
                  Қасиетті борышым.
 ТӨРЕШ    : Заман жаңа заң жаңа,
                    Күлімдейді кең дала.
                    Өз Астанам өз ордам,
                    Сүйенерім сен ғана.

Ән: «Тәуелсіздік ел ұраны»
Хор: Сәуле шашқан алтын түсті күні бар,
         Екпіндеген қыран құсты үні бар.
         Ою басқан мөп-мөлдір көк аспандай,
          Қазағымның желбіреген туы бар.

  1.Республикам бақытым,     Төреш

   Қуат берер жаныма

   Жиырма бесі қазанның

   Мінген мейрам тағына

2 Республика күнімен,             Зере
    Құттықтаймын сіздерді.
    Мерекеде бүгінгі,
    Жалғайық жақсы іздерді.
Би: «Менің елім Қазақстан»

-Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді,тәртіпті болуымыз.

Ән: «Татулықта күшіміз»
Қорытынды: Байтақ дала жерім менің
                      Арта берсін даңқың сенің
                      Көк байрағың желбіресін
                      Егеменді елім менің – дей отырып,
Құрметті қонақтар, балалар осымен Республика күніне арналған
«Менің Отаным – тәуелсіз Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

 

Просмотров: 1331


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст