«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023-2024 оқу жылының ағылшын пәнінің жоспары

20.11.2023

Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде
13-17 қараша аралығында өткен ағылшын тілі
апталығы бойынша мәлімет
Ағылшын тілі –  қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі заманда оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру басты міндет.

2023 жылдың 13-17 қараша аралығында ағылшын тілінің қолданыс аясын кеңейту, тілдің мәртебесін көтеру мақсатында Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінде ағылшын тілі бірлестігінің « English opens doors» атты ағылшын апталығы өткізілді. Алдын ала апталықтың жоспары ӘБ отырысында қарастырылып директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен бекітілді. Апталықтың жоспары бөлімдерге таратылып, хабарланды.

Апталықтың мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шет тілі мәдениетін, салт-дәстүрін, әдеп- ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу.
Ағылшын тілі бірлестігінің құрылған жоспары бойынша апталықтың салтанатты ашылуы, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.

1 күн: 13.11.23 Аптаның алғашқы күні апталықтың ашылу салтанаты болды. Апталықтың ашылу салтанатында екі жүргізуші болып , біреуі ағылшын тілінде, екінші оқушы ана тілімізде жүргізді. Ашылу салтанатында ұстаздар  сайысқа қатысып белсенділік танытты. 4-5 сыныптың қыздары “Dance monkey ” ағылшынша әнін өз әуендерімен айтып біздерді қуантты.   
 2-күн  14.11.23 Жоспарға сай апталықтың 2ші күнінде 4-6сынып оқушылары “Great Britain” тақырыбына сурет салды. Мақсаты: Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау және шығармашылығын арттыру.     
3-күн  Жоспарға сай үшінші күні “The leader of the XXI Century”атты интеллектуалды сайысы. Мақсаты: пәнге қызығушылықты ояту; тапсырмалар арқылы білімдерін тексеру. Сайысқа 5-7сынып оқушылары қатысты. Әділ-қазылар: мектеп директоры-Дюсекеева М.О. Пән мұғалімі- Смаилова А.Х. Сайыс өте қызықты әрі тартысты өтіп, әділ бағаланды. Жеңімпаз - Дүйсенбай Нұрсауле; II орын иегері-Құлке Айзере; III орын - Реймова Гулдана.          

4-күн Апталықтың төртінші  күні “Wonderful reading”.           
Мақсаты —  ағылшын тілінде кітаптар мен шағын әңгімелерді оқуға құштарлығын арттыру.
               
       Апталықтың соңғы күнінде жеңімпаз атанған оқушылар мақтау қағаздармен марапатталды.  Апталық аясында сайыс-сабақ пен сыныптан тыс іс-шара және сайыстар өткізілді. Жоспарланған жұмыстар толық орындалды.
    
Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Джалилова М.С.
                                                  

2023-2024 оқу жылы

Просмотров: 1302


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст