«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып сағаты «Тәуелсіздік баға жетпес байлығым"

20.12.2023

16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК  КҮНІНЕ АРНАЛҒАН - сынып сағаты.
1.Әнұран айтылады.
Мұғалім сөзі:
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.
-Біздің  оқушыларымыз  «Отан» туралы тақпақ  айтып берсін.

Отанды біз атамекен                             Аянат

Деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.

 

Отанды                                                    Төреәлі

Жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені, онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз.

 

Отанды әркім анасындай                  Қаракөз

Қастерлейді, бағалап.

Өйткені Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.

 

Көгінде күн нұрын төккен,                Зере
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем

 

Кең далада жүремін,                                   Әлішер
Бауырында ойнап күлемін.
Мен жерімді сүйемін,
Ол үшін отқа түсемін.

Менің туған ауылым,                                 Қайырхан
Туған жерім, мекенім.
Өскен жерім  Жамбылым
Жарқырасын жұлдызың.

Ән: «Отан – ана»                Мұғалім  сөзі:
Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

— Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұқанова, Ләззат Асанова сынды апа – ағаларымыз ерлік көрсетті.. Оларға үлкен айып тағылды.
Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің жандардың көрінісінен үзінді тамашалаңыздар.

Мұғалім  сөзі:1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан-
Тәуелсіздік туған күн! -Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар. -Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық.

Аянат                  Он алтыншы желтоқсан
                              Ел мерейі тасыған
                              Қазақ деген қалың жұрт
                              Бәрін кешті басынан
Төреш
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн           Әлішер
                                                    Көк аспанда тулардың
                                                    Желбіреген күні — бұл,
                                                    Елім деген ұлдардың
                                                    Елжіреген күні — бұл.
Қайырхан
Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.
Қаракөз
Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл — күні!            Зере 

                                                      Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
                                                      Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
                                                      Есте сақтап ағалардың ерлігін,
                                                      Жүректерге сақтау керек үнемі.
Мұғалім: Отан туралы өлең оқып беру
«Болса екен қазақ баласы»
Ертеңі өсіп елімнің
Алғыр, зерек, мейрімді
Ақылдысы болса екен
Тапқыр, шешен талапты
Өнерлісі болса екен
Ойшыл, өткір, дарынды
Білімдісі болса екен
Сергек, іскер, сезімтал
Саналысы болса екен
Парасатты намысты
Отаншылы болса екен
Болса екен қазақ баласы
Ел ішінде өсетін
«Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» – десетін
Ізгіліккке леп едім
Жақсылыққа сеп едім
Тәуелсіз елдің ертеңін
Осылай көрсем деп едім — деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміз аман – есен өсе берсін.
Олай болса балалар, «Тәуелсіз ел ұраны» әнін бірге тамашалайық
Ән: «Тәуелсіз ел ұраны»

Мұғалім: Ал, құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі сынып сағатын  аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!

 

Просмотров: 1084


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст