«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Елім» деп соқса жүрегің, тәртіпке кел, ұланым!» АӘТД және музыка апталығының өтілуі туралы мәлімет

11.03.2024

«Жамбыл ауылының ЖОББМ» КММ бойынша 

19-23/02/2024ж аралығындағы

«Елім» деп соқса жүрегің, тәртіпке кел, ұланым!»

АӘТД және музыка апталығының

өтілуі туралы мәлімет

 

   «Елім» деп соқса жүрегің, тәртіпке кел, ұланым!» атты тақырыппен жоспарланған апталықтың бірінші күнінде стенд шығарылып, лездемеде АӘТД және музыка бойынша сұрақтар қойылды.  Оқушылардың ойлау қабілеттерін тексеру мақсатында логикалық сұрақтар да қойылды. Бұл іс – шараның мақсаты өтілген тақырыптарды еске түсіру, шапшаңдылыққа тәрбиелеу, есте сақтау қабілеттерін тексеру. Бұл жұмысқа 5-6-7-8-9-11 сынып оқушылары қамтылды.     

Апталықтың екінші күнінде 20 ақпан 5-6 сынып оқушыларымен «Музыка және біз» атты тақырыпта сайыс сабақ онлайн зумм арқылы өтті. Мақсаты: 1. Дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау. 2. Музыка мен музыкалық білімге деген қызығушылықты дамыту. 3. Музыкалық дәстүрлерді сақтау және дамыту. Өткізген Қабылтаева Ғ.А.

    Апталықтың үшінші күнінде 21.02 Қабылтаева Ғ.А. ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларымен  «Атадан қалған мұра» аспаптарының мекенінде атты сурет байқауы онлайн өтті. Балалар суреттерін салып фото арқылы көрсетті. Мақсаты: 1. Патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. 2. Өз халқының тарихы мен мәдениетімен танысу. 3. Тарих пен мәдениетті зерттеуге қызығушылықты дамыту

    22/02 күні жоспар бойынша АӘТД мұғалімі Смаилов М.С. ұйымдастыруымен  «Әскери – спорттық эстафета» жарыс өткізді. Мектептегі әскери спорттық эстафетаның мақсаты: 1. Өз елі үшін патриотизм мен мақтаныш сезімін тәрбиелеу. 2. Дене шынықтыруды дамыту. 3. Әскери мамандықтарды дәріптеу.

 

23.02 күні аралығында АӘТД және музыка апталығы жоспарына сай АӘТД пәнінен ашық сабақ өткізілді, тақырыбы «Әртүрлі тұрмыстық жағдайларда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету». Өткізген Смаилов М.С.

Просмотров: 714


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст