Бекітемін:
Мектеп директоры: М.О.Дюсекеева
Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінің 2023 – 2024 оқу жылында
көркем еңбек және бейнелеу өнері шығармашылық апталығында« Өнер жас талғамайды» тақырыбында өтетін іс – шараның жоспары.
№ |
Іс – шараның атауы |
Жұмыстың түрі |
Мерзімі |
Жауапты адам
|
1 |
Апталықтың ашылуы, жоспармен таныстыру. «Өнер жас талғамайды» көрме |
Көрме ұйымдастыру 5 -11 сыныптар |
11/03/2024 |
Смаилов М.С |
2 |
Ою – өрнек әлемі |
Қима жұмыстары 1 сынып |
12/03/2024 |
Қабылтаева Ғ.А
|
3 |
Жыл мезгілдері |
Сурет байқауы 1 – 4 сыныптар
|
13/03/2024 |
Құлмағанбетова П.О |
4 |
Әр түрлі материалдарды пайдаланып қуыршақ жасау |
Ашық сабақ 6 сынып |
14/03/2023 |
Смаилов М.С |
5 |
Қош, келдің Наурыз! Сюжет құрастыру |
аппликация ермексазбен 4 сынып
|
15/03/2023 |
Дюсекеева М.О |
Жамбыл ауылының ЖОББ мектебінің 2023 – 2024 оқу жылында
көркем еңбек және бейнелеу өнері шығармашылық апталығында өткен
« Өнер жас талғамайды» атты апталықтың қорытындысы.
Мақсаты: Балаларды халық мәдениетіне тәрбиелеу, қазақ халқының әдет-ғұрыптарымен, қол өнерімен таныстыру. Ұлттық құндылықты бағалауға, құрметтеуге баулу. Балалардың ұшқыр ойын дамыту. Саусақ маторикасын жетілдіру. Жеке жұмыс атқара білуге баулу, ойлау қабілеттерін арттыру. Шеберлікке ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Жалпы жекелей тоқталатын болсам, апталық жоспарына сәйкес жоспарланған барлық іс-шаралар мен ашық сабақтар өз уақытында өтті. Апталықтың алғашқы күнінде жоспарға сәйкес апталықтың тақырыбына сай «Өнер жас талғамайды» атауымен дарынды, өнерлі балалардың қолыннан шыққан бұйымдардан қолөнер көрмесін Смаилов М.С ұйымдастырды.
Екінші күні 1 сынып оқушыларымен Ғ.А.Қабылтаева «Ою – өрнек әлемі» атты қима жұмыстары жүргізіліп, оюлардың сиқыры жайында ертегілер айтылды, жұмбақ шешті.
«Жыл мезгілдері» сурет байқауын П.О.Құлмағанбетова 1 – 4 сыныптар аралығында өткізіп, марапаттады.Әр бала өз суретін 2 -3 сөйлеммен таныстырып, таңдаған жыл мезгілін не үшін жақсы көретінін айтып өтті.
«Әр түрлі материалды пайдаланып қуыршақ жасау» атты ашық сабақты Смаилов М.С 6 сыныппен өткізді. Мұғалім дайындығы өте жоғары сабақтың әр кезеңін үйлесімді басқара білді. Сынып толық белсенділік танытты. Сабақтың қызықты өткені соншалық, балалар әр тапсырманы аса қызығушылықпен орындап, өз қолдарыннан шыққан қуыршаққа қызыға қарап, мақтаныш сезімдері де оянды деп айта аламын.
Апталықтың соңғы күнінде «Қош, келдің Наурыз!» тақырыбында 4 сынып оқушыларымен М.О.Дюсекеева ермексазбен аппликация жасады. Жасалған жұмыстары оңыннан шығып, көңілдері шат – шадман болды. Жоспарланған жұмыстар ойдағыдай болып, апталық жоғары дәрежеде өтті. Қорыта келе айтарым, ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.