«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жамбыл ауылының ЖОББ мектебі» КММ-нің бастауыш сыныптар арасында өткен «Бастауыштағы білім еліне саяхат» атты апталықтың қорытынды есебі.

30.04.2024

«Жамбыл ауылының ЖОББ мектебі» КММ-нің

бастауыш сыныптар арасында өткен

«Бастауыштағы білім еліне саяхат» атты

апталықтың қорытынды есебі.

 

Бастауыш сынып апталығы 22-ші сәуірден  26-сәуір аралығында болып өтті. Апталық басталмас бұрын апталықтың жоспары құрылып, әдістеме бірлестігінің отырысында талқыланды және бекітілді.

 

Тақырыбы:  «Бастауыштағы білім еліне саяхат»

Апталықтың мақсаты:  :

  1. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру,
  2. Шығармашылық қабілетін арттыру,
  3. Жауапкершілікке, ұжымдылыққа тәрбиелеу;

Апталықтың міндеттері Оқушылардың ойлау көрсеткіші қызметінің заңдылықтарын ескере отырып, оқушының жеке - даралық қабілеттерін арттыру,  нені есте сақтау керек , соған бағыттау;

Өткізу принциптері: әрбір бала апталықтың барлық шараларына белсене қатысушы болып табылуы керек.

 

  1. Апталықтың ашылуы «Жаңаша ойын-жетістік көзі»

Апталықтың бірінші күні 2 - сабақ үзілісінде апталықтың ашылу салтанатына орай сап түзеу болды. Бұл  сап түзеу барысында апта бойында өткізілетін іс-шаралардыңжоспары, апталықтың тақырыбы, мақсаты таныстырылып, соңынан Қабылтаева Ғ.А 1-4сыныптармен «Жаңаша ойын- жетістік көзі» атты түрлі үзінде тренингөткізді. Апталықтың тақырыбыжәне мақсаты мен міндеттері де таныстырылып өтті.

  1. «Құстар біздің досымыз» сыныптан тыс жұмыс 2 сынып

Апталықтың екінші күні 23-сәуір 2 сыныпта «Құстар біздің досымыз» тақырыбында сыныптан тыс жұмысы өтті. Тәрбие сағатына  мектеп мұғалімдері және оқу ісінің меңгерушісі  қатысты. Сабақ әдістемелік талапқа сай құрылған. Сабақ сәлемдесумен, психалогиялық дайындықпен басталып, оқушылардың өткен білімдерін тексере отырып, жаңа сабақпен байланыстыра сабақтың тақырыбын ашты. Сабақта оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалім өзінің шеберлігін көрсете отырып, қолдана білді. Оқушылар берілген тапсырмаларды рет-ретімен орындай отырып, тапсырмаларды толығымен қамтып, өз білімдерін көрсете білді. Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізілді.  Мұғалімдер оқушыларды сабаққа қызықтыра білді. Өткізген сабақтарын  талдай отырып, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі, бақылаушылығы өте жақсы деген бағамен бағаланды.

 

  1. «Қағаз ақша» ашық сабақ 3 сынып математика

24 күні 3-сыныпта математикадан ашық сабақ өтті. Ляззат Қайыркелдіқызы «Қағаз ақша» тақырыбында сабақ өткізді. Мұғалім сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді қазақтың ұлттық салт дәстүрімен байланыстыра отырып жүргізді.

 

  1. «Қызықты әдіс-тәсілдер» 4 сынып ойын түрінде

Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің сабақтарына тоқталсақ:

Мұғалімдер сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Мысалы 4 сыныпта «Қызықты әдіс-тәсілдер» ұйымдастыру  арқылы балалар логикалық сұрақтарға жауап берді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды.

Іс-шараларға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшіліктен қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді.

Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларын практика жүзінде танытты.

5. «Ұлттық ойындар» 1-4 сынып аралық ойындар

Сәуірдің 26 күні «Ұлттық ойындар» тақырыбында Назым Ғосманқызы қызықты әс-шара өткізді. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері: байге, айтыс, қызқуу, құрылтай, қазақша күрес, көкпар туралы қысқаша мәлімет бере отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырды.

Әр балаға тапсырмалар беріп оқушылар қызыға қатысты.

Мұғалімдер өздерінің педагогикалық шеберлігін көрсете білді.

Оқушылар апталықтың соңында рефлекция жасады.

Бұл апталықта бастауыш сынып мұғалімдері жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдана білді, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттырды, өз шығармашылықтарын шыңдап, педаглогикалық шеберліктерін көрсете білді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті және  білімдерін шыңдады. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп ойлаймын.  Осылай апталық аяқталды.
 

Бастауыш сынып әдістемелік

бірлестік жетекшісі: Кульмагамбетова П.О

 

Просмотров: 3504


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст