«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік рәміздер

09.09.2020

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер.

Сабақтың мақсаты: Рәміздер туралы білімдері пысықталады.

Міндеттері: 1. Рәміздер туралы білімдері толықтырылады.

                      2.Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту.

                      3.Рәміздерді қастерлей білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Рәміздер туралы оқушылар білімдерін көрсете біледі.

                               Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, мозайка, бас бармақ.

Көрнекілігі: Рәміздер, стикерлер.

Сабақтың барысы:

I.Психологиялық ахуал.

Балалар дөңгеленіп тұрады. Қолдан жасалған шаңырақтың уықтарын ұстап, әр бала аты – жөнін айтып, жақсы тілектер тілейді. Мысалы: Еліміз тыныш болсын, бақытты болайық, аспанымыз ашық болсын, береке болсын, бірлік болсын т. б.

II. Топқа бөлу: 1,2,3 сандарына байланысты оқушылар топқа бөлінеді.

Әр топ топтың атын дайындайды.

III. Ой – қозғау. Мозайка әдісі.

Әр топқа қима қағаздар таратылады.. Әр топ құрастырып не шыққанын айтады.

  • Ендеше, бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?
  • Рәміздер ол ненің белгісі?
  • Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?
  • Тәуелсіздікке биыл неше жыл толмақ?

- Сондықтан да бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Мемлекеттік рәміздер» деп аталады.

-Рәміздер туралы білімдерің бар деп ойлаймын. Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтпек.

Мына жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.

Жоспар:

  1. «Сұрақ - жауап»
  2. «Мақалды жалғастыр»
  3. Шығармашылық жұмыс.

Мұғалім: Отан-жерім, Отан-суым,

                 Отан қуат, нәр береді...

                 Отан-ұран, Отан туым,

                 Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп,құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын,қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Ендеше, бірінші айналым «Сұрақ - жауап» .

 Берілген сұрақтарға жауап беру. (әр сұрақты стикер арқылы бағалау)

1-топ: 1.Қазақстанның ұлттық валютасы? (теңге)

2.ҚР Тәуелсіздік күнін қашан атап өтеміз? (16 желтоқсан)

2-топ: 1. ҚР туында не бейнеленген?(шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата)

2. Гимннің авторлары кімдер?(Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев)

3-топ:1.Мемлекеттік тіл? (қазақ тілі)

2.ҚР мемлекеттік туының авторы?(Шәкен Ниязбеков)

- Өте жақсы. Енді осы рәміздер туралы кім тақпақ біледі.

IV. Оқушылар тақпақтарын айтады.

 

 

 

 

Дастан: Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

               Білу керек бала дағы ең кіші.

               Ән ұран, көгілдір Ту, Елтаңба,

                Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

Темірлан: Ту

               Күнді құшқан қос қыран,

               Аясында қалқыған.

               Аспан түсті туым бар,

               Көк теңіздей шалқыған.

Еңілік:  - Елтаңба

              Өр қанатты сұңқардың

              Қанатымен шырқар кім?

              Қазақстан – Отаным,

              Әлем білген атағын.

              Жарқыраған әр таңда

              Мемлекеттік Елтаңба.

Нұрасыл: Жеңістерге қолбасыдай,

                  Ерліктердің жолдасындай.

                  Еліміздің әнұраны,

                  Жүректерде жаңғырады.

                  Жаршысындай даңқымыздың ,

                 Жан серігі халқымыздың.

-Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.
Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек.

V.Мақал-мәтелді білмейтін оқушы жоқ деп айтуға болады.

Сөздің көркі -мақал” деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады.

Мақал-мәтелді көп біліп ,көп қөлданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі. Олай болса сайсымыздың 2-ші кезеңі «Мақалды жалғастыр» деп аталады

- Мен мақалдың басын айтамын, сендер жалғастырасыңдар.

1-топ: 1.Отан- елдің анасы, (Ел- ердің анасы)

2.Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).

2-топ: 1.Отанды сүю- (отбасынан басталады)

2.Отаноттан да (ыстық)

3-топ: 1.Отансызадам- ( ормансызбұлбұл)

2.Отанүшінкүрес( Ергетигенүлес)

4-топ: 1.Ел іші- (алтын бесік)

2.Тіл-тәуелсіздік (тірегі)

- Балалар, ал өзерің отан, туған жер туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?

-Жақсы, рахмет!

VI.- Міне,балалар сайысымыздың соңғы кезеңіне да келіп жеттік. Үшінші кезең «Шығармашылық жұмыс» деп аталады.

топ: - 2050 жылы Қазақстан қандай болады?

 Топтан 1 бала жұмыстарын ортаға шығып қорғайды. Бағалау.

VII. Рефлексия. Бас бармақ әдісі арқылы.

VIII.Марапаттау

IX.Қорытынды:

-Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Просмотров: 291


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст