«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қауіпсіз мектеп» акциясы бойынша өткізілген іс – шараның есебі

24.09.2020

Балалар өмiрiнiң қауiпсiздiгi негiздерiн қалыптастыру, ата-аналармен, педагогикалык ұжыммен  өзара әркеттесу мақсатында, балалардың бойында қауiпсiздiк мiнез-құлык дағдыларын тербиелеуге, қауiптi жагдайларды, қауiпсiздiк шараларын сақтау, салауатты өмip салтын ұстану қажеттiлiгi туралы бiлуге бағытталrан «Қауiпсiз мектеп» акциясы өткiзiлуде, оның максаты бiлiм беру ұйымдарында балалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, бiлiм алушылар арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және оку орындарында қауiпсiздiк шараларын жетiлдiру болып табылады. Акция балаларға, ата-аналарға және қоғамға мектепте, үйде, көшеде, аулада, су бойында, жолда, көлiкте қауiпсiздiк ережелерi, сонымен қатар алғашкы көмек корсету тәсiлдерi мен жедел кызмет телефондарын ескерту болып табылады.

Пандемия кезеңінде қауіпсіз білім беру ортасын құру, балаларға және балалар арасындағы құқыққа қарсы әрекеттерден балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше өзекті болып отыр.

Өзін-өзі оқшаулау бойынша енгізілген шараларға байланысты балалар көбірек уақытты онлайн режимінде өткізеді, өйткені олар достарымен байланыста болып, өз сезімдерін білдіруі, оқуы, көңіл көтеруі керек,сондықтан олар әлеуметтік желілерге тәуелді.

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын сексуалдық бопсалау, кибербуллинг және жыныстық қанаудың басқа да түрлерінің құрбандары болып келеді.

Сондай-ақ, білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігі, балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.

Соңғы уақытта оқу орындары мен олардың аумақтарында немесе олардың тікелей маңында орын алған құқық бұзушылықтар, жарақат алу ерекше қауіп тудыруда.

Бүгінгі таңда балалардың қауіпсіздігі төтенше жағдайлардың алдын алуға негізделген-бірінші кезектегі міндет.

Осы шараға байланысты біздің мектептеде «Қауіпсіз мектеп» акциясы бойынша тамыз айында мектеп әкімшілігі отырысында жоспар құрылып, жоспарды тамыз айында қашықтықтан өткен мұғалімдер жиынында таныстырылды.

«Қауіпсіз мектеп» ортасын қалыптастыру бойынша арнайы  комиссия мүшелер құрылды. Олар:

Аты-жөні

лауазымы

1

Дюсекеева М.О.

Мектеп директоры

2

Ахметова Ш.А.

Оқу ісінің меңгерушісі

3

Смагулова Б.Г.

Тәрбие ісінің меңгерушісі

4

Бұршақбай А.Қ.

Шаруа ісінің меңгерушісі

5

Рахымжанова Н.Г.

Қамқорлық кеңесінің төрайымы

6

Сағынбекова К.М.

10 сыныптың ата-анасы

 

Описание: C:\Users\hp\Downloads\WhatsApp Image 2020-09-22 at 5.52.17 PM.jpegОписание: C:\Users\hp\Desktop\Новая папка (3)\20190926_115611.jpgОписание: C:\Users\hp\Downloads\WhatsApp Image 2020-09-22 at 5.52.17 PM (3).jpegОписание: C:\Users\hp\Desktop\Новая папка (3)\20190925_165021.jpgАрнайы құрылған комиисия қызметінің шеңберінде мынадай мәселелерді зерделеу ұсынылды: оқу сыныптар бөлмелерінің санитарлық гигиенаға дайдығын, спорт залдары мен алаңдардың, медициналық кабинеттердің, су құбырларының және жылу жүйесінің жұмысқа дайындығын, ғимараттың өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуын, мектепке келетін жолдың қауіпсіздігіне, мектеп жабдықтарына және жиһаздарға қойылатын талаптарды сақтау, қолданыстағы видеобақылау камераларының болуы, балаларға және жасөспірімдерге арналған ұлттық сенім телефон линиясы көрсетілген ақпараттық стендтердің болуын қадағалау.

 

 

 

 

Описание: C:\Users\hp\Desktop\WhatsApp Image 2020-09-22 at 5.52.17 PM (2).jpegОписание: C:\Users\hp\Desktop\WhatsApp Image 2020-09-22 at 5.52.16 PM (1).jpeg

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепшілік ата-аналар жиналысының күн тәртібіне жол қауіпсіздігі, балалар қауiпсiздiгi, жасөспiрiмдер арасындагы нашакорлықтыц, темекі шегудiң, маскүнемдiктiң алдын-алу және балаларга қатысты, зорлык зомбылықты болдырмау мәселесі енгізілді. Барлық сынып ата-аналарына мектеп директорының тәрбие ісінің меңгерушісі Смагулова Б.Г. айлық мақсат-міндетімен таныстырып, артынан бейне-ролик көрсетті

Сондай-ақ мектеп психологі Әлжанова Ш.Ш.  «Бопсалау және басқа да қылмыстық фактілерді анықтау» бойынша оқушылар арасында жасырын сауалнама өткізді. Сауалнама қорытындысы бойынша бопсалау мен құқық бұзушылық шаралары бойынша нақты дерек байқалмаған.

Мектебіміздің тәлімгер Жанысбек К.К. мен мектеп психологі Әлжанова Ш.Ш., сынып жетекшілер оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үгіт – насихат жұмыстарын (лекция, әңгімелер, ескертпелер) ұйымдастырып сыныптарда тақырыптық сынып сағаттарын өткізілді.

 

Описание: http://shg34.edu-gov2.kz/images-new/zhanalyk/008.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар арасында қашықтықтан «Қауіпсіздік шұғыласы» атты сурет байқауы өткізілді.

Барлық  сынып  оқушлыларымен «Қауіпсіздік мектеп» бойынша  үгіт–насихат жүргізіліп, ескертпелермен таныстырылды , «Қауіпсіз мектеп» бойынша оқушылардың қауіпсіздігін сақтай отырып алдын - алу шараларының жұмыстары әрі қарай жанжандандырылып жұмыс жасалады. Мұның бәрі балалар қауіпсізді үшін жасалып жатқан істердің бір парасы ғана. Тәртіп пен тәрбиенің ұштасуы қауіпсіз қоғамды қалыптастырады. Ал, ол қоғам әр адамның игілігі мен ізгі өміріне жарық шашары анық. Ел болашағының баянды болуы бүгінгі игі істерден басталмақ. Ұрпақ саулығы - ұлт келешегі. Балалар қауіпсіздігі әрқашан басты назарда болуы тиіс.

Просмотров: 342


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст