Қазанның ші жұлдызында апталықтың ресми түрде ашылу салтанаты өтті. Дене тәрбие мұғалімі Аубакиров А.Д. оқушыларды алдынғы уақытта болатын апталықтың жоспарымен таныстырды. Дене шынықтыруға байланысты сұрақ жауаптарды қойды. Қауіпсіздік ережемен таныстырды.
Логика мен қимылды жақсы көреміз!
Қазанның 6-ы 2-ші сыныпта «Шахмат – ақыл-ой спорты» атты спорттық сайыс өтті. Сайыста оқушылар белсене қатысып, өз дәрежелерін көрсетті. Ойынның мақсаты: оқушыларды шахмат ойынына деген қызығушылығын арттыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеу. Шахмат ойынды бастауыш сынып мұғалімі Қабылтаева Ғ.А. өткізді
Дені саудық - жаны сау
Қазанның 7-і 1- сыныпта қозғалмалы ойындар өткізілді. Ойынға барлық оқушылар белсене қатысты. Ойынды бастауыш сынып мұғалімі Смағұлова А.С. өткізді. Оқушылар «Айгөлек», «Соқыртеке», «Ақсүйек», «Ақсерек, көксерек», «Қызыл ту» ойындарды ойнады. Ойындар барлығы төзімділікке, шапшаңдыққа, икемділікке үйретеді. Оқушылардың дене тәрбиесіне деген құштарлығын дамытады. Ойындарды бастауыш сынып мұғалімі Смағұлова А.С. өткізді.
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар
Қазанның 8-і 4-5 - сынып арасында веложарыс өтті. Жарыс мектептің жанында өткен. Барлық санитарлық нормалар сақталған. Оқушылар бетжапқыштарын киім келген. Жарыс өте қызықты өтті.
Веложарыс екі шақырымға созылды, мәреге І болып жеткен 5 сынып оқушысы Дюсекеев Мархат. ІІ орынды Төлеубай Дарын иеленді. ІІІ орынды Ахметбекова Адина иеленді. Веложарысты Аубакиров А.Д. өткізді.
Денсаулығым мықты болсын десең -спортпен шұғылдан!
Қазанның 9-і жұлдызында 3-4 - сыныптар арасында футболдан матч ұйымдастырылды. 3-сынып «Қайсар» командасы, ал 4-сынып «Қайрат» командасы. Матч бас-аяғы бір жарым сағатқа созылып 4 сынып оқушыларының командасы жеңіске жетті. Жеңімпаздар апталықтың жабылу салтанатында марапатталады. Футболды Аубакиров А.Д. өткізді.