«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бірінші байлық – Денсаулық

12.10.2020

Сабақтың тақырыбы: Бірінші байлық – Денсаулық

Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға денсаулықтың қадір- қасиеті туралы түсіндіру,салауатты өмір салтын қалыптастыру.

2. Денсаулық туралы өз пікірлерін қалыптастыру.

3.Оқушыларды денсаулықтарын күтіп ұстауды, зиянды әдеттерден аулақ жүруді үйрету, қауіпті мінез-құлық факторларына қарсы тұра алатындай өмірлік дағдыларды бойына сіңірту.

Сабақтың әдісі: интерактивті әдіс- тәсілдер

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интербелсенді тақта, мақал- мәтелдер, нақыл сөздер

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Жаңа сабақ.

1.Әр оқушыдан денсаулық деген не деп , өз пікірлерін сұрау

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Денсаулық-адам баласының ең құнды игілігінің бірі.Денсаулықты сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың,ниетің таза болуы керек.Адамның жан тазалығы денсаулығына әсер етеді.

Сабыр мен сенім,мейірімділік пен сүйіспеншілік адам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді.Денсаулығың жақсы болса,көңіл күй де көтеріңкі болады.

Деннің саулығы адамның өзіне және өзгеге адал болуынан,көңіл күйін басқара білуіне байланысты.Өзіне және өзгелерге деген адал сезім,ақыл-ой салауаттылықтың негізі.Денсаулықты бала кезден сақтау мен нығайту үшін салауатты өмір салтын ұстанып, көп қимылдау және спортпен айналысудың маңызы зор.Адам өз денсаулығы үшін жауапты.

3.Оқушылар сөздері.

1-оқушы

Адам Дж.Джексон денсаулықтың он құпиясын айтқан , соған тоқталып өтсек.Денсаулықтың бірінші құпиясы-денсаулық пен сырқаттың негізі біздің ақыл-ойымызда жатыр.

2- оқушы. Денсаулықтың екінші құпиясы-біздің тыныс алуымызда болып табылады.

3- оқушы.Денсаулықтың үшінші құпиясы-шынығу әрекеттері күш әкеледі.

4- оқушы.Денсаулықтың төртінші құпиясы-дұрыс тамақтану күші.

5- оқушы. Денсаулықтың бесінші құпиясы-күлкі.Күлкі-бұл мәңгілік емші.

6- оқушы. Денсаулықтың алтыншы құпиясы-демалу күші.

7- оқушы. Денсаулықтың жетінші құпиясы-тұлғаны түзу ұстай білу күші.

8- оқушы. Денсаулықтың сегізінші құпиясы-таза қоршаған ортасыз шынайы денсаулықтың болуы мүмкін емес.

.

4.Слайдпен жұмыс. Нақыл сөздерді оқу, мағынасын ашу.

Сау дене, азат ақыл, адал көңіл- үшеуімен болады бақытты өмір...

Әйтеке би

Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі.

Т.Карлейл

Ердің саулығы –елдің байлығы.

Қазақ мақалы

Денсаулықтың қадірін жастан білу – азаматтық борыш.

М.Әлімбаев

.Сырын мен білетін бірден-бір сұлулық -денсаулық .

Г.Гейне

Дені сау адам - табиғаттың аса құнды туындысы.

Т.Карлейл

Денінің саулығын тілегінің бірінші парызы –маңайының ауасын тазарту.

Р.Роллан

 

5.Мақал- мәтелдер айту.

1.Болашақ- үміт,

Денсаулық кепіл.

2.Жаны тазаның ары таза.

3.Жан сұлулығы- денсаулық.

Сабақты қорыту.

Денсаулықты сақтау мен нығайтудың, темекі шекпеудің, арақ-шарап ішпеудің, есірткі тұтынбаудың, дұрыс тамақтанудың маңызы зор.Денсаулықтың мықты , жанының таза болуы адамның айналасындағы адамдарға қуаныш сыйлап, салауатты өмір салтын ұстануына да байланысты.

Салауатты өмір сүру тек тән саулығына ғана емес, жан саулығына да байланысты. Сондықтан денсаулықтың қадірін қазірден бастап түсініп, өз-өзімізді күтіп ұстап, спортпен көп шұғылдансақ нұр- үстіне нұр болады.

Просмотров: 524


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст