Ағылшын тілі – қазіргі заманда жаһандық тіл. Бұл тілде әлемнің көптеген елінде сөйлейді. Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды.
2020 жылдың 19-23 қазан аралығында ағылшын тілінің қолданыс аясын кеңейту, тілдің мәртебесін көтеру мақсатында Жамбыл орта мектебінде ағылшын тілі бірлестігінің «Knowledge is power» атты ағылшын апталығы өткізілді. Алдын ала апталықтың жоспары ӘБ отырысында қарастырылып директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен бекітілді. Апталықтың жоспары бөлімдерге таратылып, хабарланды.
Апталықтың мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен тілін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрете отырып, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Ағылшын тілі бірлестігінің құрылған жоспары бойынша апталықтын салтанатты ашылуы, ашық сабақтар, сыныптан іс-шаралар өткізілді.
1 күн: 19.10.2020ж. апталықтың ашылуы болды, апталықтың жоспары хабарланып, стендке ілінді. Оқушылар арасында «Knowledge is power» атты қабырға газет сайысы өтті.
2-күн Іс-шараның екінші күнінде 5-10 сыныптар арасында «Numbers.Colours» атты сайыс-сабақ өтті. Сайыста оқушылар екі топқа бөлініп жарысты. Оқушылар сайыс барысында 10 мен 40 балл арасында ұяшық таңдап, берілген сұрақтарға жауап берді. Сайыс өте тартымды, мағыналы болды.
3-күн Апталықтың үшінші күні 5-10 сыныптар арасында үш тілде «Мақал-мәтел» сайысы өтті. Сайысқа төрт оқушы қатысты. Бұл сайыс оқушыларды ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйретті. Сонымен қатар, оқушылар мақал-мәтелдерді орыс және ағылшын тілінде айтып дағдыланды.
4-күн Жоспарға сай төртінші күні «Parts of body» атты тақырыппен 7-сыныпта ашық сабақ өтті.Сабақта слайд арқылы әр түрлі суреттер көрсетіліп, видеоролик қойылып, сергіту сәті орындалды. Сабақта оқушылар лексика - грамматикалық білімдерін жетілдіріп, адамның дене мүшелеріне байланысты жаңа сөздерді үйренді.
Апталықтың соңғы күнінде жеңімпаз атанған оқушылар мақтау қағаздармен марапатталды. Ағылшын тілі апталығына орай жоспарланған іс-шаралар өз деңгейінде өтіп, оқушылар апталықтан жақсы әсер алып, белсенділіктері артып, ағылшын пәніне деген қызығушылықтары одан сайын арта түсті.