«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тілдер күні мерекесіне орай "Әрбір тіл өзінің халқы үшін-Ұлы" тақырыбында сынып сағаты

13.09.2024

5 сыныпта Тілдер күні мерекесіне орай "Әрбір тіл өзінің халқы үшін-Ұлы" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағат мақсаты: Оқушыларды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу, өз ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Өз Отанының болашақ патриоты, жанашыры болып өсуге насихаттау.
«Толғауы тоқсан қызыл тіл, сөйлеймін десең өзің біл» деп ұлы Абай айтқандай әр сөздің өз қиысыны мен қиюның тұрақты орны бар. Оны бір адам өзгерте алмайды, өйткені ол халықтың бүкіл ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы. Сөзге, тілге әмір жүрмейді.
Қай ұлтты, халықты алсақ та, бәрінің де өзіне лайық тілі бар. Халық өзінің тілін ең ардақты нәрсе деп санайды, сүйеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Себебі ана тілінсіз ұлт мәдениеті, ұлт әдебиеті жоқ. Ал әдебиетті мәдениет қаймағы деп қана қою жеткіліксіз.
Біздің қазақтың әдеби тілі, басқа халықтардың да әдеби тілі сияқты, мәдениетті ілгері бастаушы қуатты құрал.

Просмотров: 1439


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст