Жамбыл орта мектебінде 2020-2021 оқу жылының күзгі демалыс уақытында қашықтықтан өткізілген жұмыстардың мәліметі.
Жамбыл орта мектебінде балалардың күзгі демалысын қызықты өткізу мақсатында жоспар құрылып бекітілді. Барлық өткен іс-шаралар қашықтықтан ұйымдастырылды.
Жоспарға сай 5 қараша күні «Эрудит-Тир» бағыт бойынша 2 сынып оқушыларымен Қабылтаева Г.А. қашықтықтан ватсап желісімен "Жол белгілері елі" атты сабақ өткізді. Демалыс уақытында қауіпсіздік ережелерін естеріне сақтап жүрулерін айтып өтті. Оқушыларға сабаққа байланысты нұсқаулықтар, видеороликтер жіберді.
https://www.instagram.com/tv/CHPvujeBkKM/?igshid=s8pquv77ppqc
6 қараша күні «Күзгі серуен» бағыты бойынша 5-10 сынып оқушылар арасында жемістер мен көкөністерден жасалған композициялық қолөнер туындыларын қашықтықтан ұйымдастырылды. Оқушылар үйдегі бар жеміс жидектерден және көкөністерден өз ойларындағы композициялық туындыларды өз қолдарымен жасап, фотаға түсіріп, ватсап желісі арқылы чатқа жіберді.
https://www.instagram.com/p/CHU2xoshUeu/?igshid=cebcknmrdnc0
7 қараша күні «Түстер әлемі» бағыты бойынша 5-9 сынып оқушылармен көркем еңбек пәнінің мұғалімі Құрметқызы М. қашықтықтан «Сиқырлы гүл» тақырыбында әр түрлі табиғи материалдардан жасалған композиялық туындыларды ұйымдастырды. Өзінің қолдан жасаған туындыларын ватсап желісі арқылы оқушылардың чаттарына жіберіп көрсетті. Оқушыларда өздерінің қолдарынан жасаған туындыларын фота түсіріп жіберді.
https://www.instagram.com/tv/CHU40oIhogZ/?igshid=5ktmuy78hlfq
9 қараша күні «Су әлемі» бағыты бойынша даярлық сынып оқушыларымен Смагулова Ж.А. «Қиял стиліндегі балықтар» тақырыбында қашықтықтан сурет байқауын өткізді. Оқушыларға өз қиялдарындағы балықтар суретін салуға тапсырма берд. Оқушылар өздеріне ұнайтын суреттерді жіберді.
https://www.instagram.com/p/CHaGW7YBQkr/?igshid=1iw7qsibsy9qd
10 қараша күні «Еріктілік» бағыты бойынша 8-9 сынып оқушыларымен Байманов Б.Ж. ж»не Жанысбек К.К. «Асар» челленджін ұйымдастырды. Бұл ұйымдастырылған іс-шара отбасына, туыстары мен достарына, көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын беру болды. Оқушылар бұл челленджді отбасыларына көмектесуден бастады. Барлығы бұл шараға жұмыла ат салысты.
https://www.instagram.com/p/CHZsajXh3MG/?igshid=16txws033zcsw
https://www.instagram.com/p/CHZ1Q5YhnI9/?igshid=dhlicotcx3ly
https://www.instagram.com/tv/CHaD0hPhh0B/?igshid=kl3u0d4d7fxl
11 қараша күні «Азаматтық-патриоттық» бағыт бойынша «Қазақстан – менің Отаным» атты тақырыппен 3-4 сынып оқушыларымен Құлмағамбетова П.О. және Жакупова Л.К. балалар суреттерінің онлайн көрмесін ұйымдастырды.
https://www.instagram.com/tv/CHfCvQ8BHmi/?igshid=1xni25q7xque3
12 қараша күні «Салауатты өмір салты» бағыты бойынша бірнеше іс-шаралар өткізілді. 5 сынып оқушыларымен Джалилова М.С. «Пайдалы дәрумендер» тақырыбында танымдық сабағын өткізді. Оқушыларға дәрумендердің пайдасы туралы видеоролик жіберіп , олар туралы түсінідірп өтті. Оқушылар дәрумендер туралы және жемістер мен көкөністер пайдасы туралы айтып өтті.
https://www.instagram.com/tv/CHfO4Wdh0ng/?igshid=cizlnfuile9o
«Үйдегі фитнес» тақырыбы бойынша Смагулова А.С. 1 сынып оқушыларымен ұйымдастырды.
https://www.instagram.com/tv/CHhr1j5hje5/?igshid=1s84e9mrlgdkj
13 қараша күні «Спорт» бағыты бойынша дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аубакиров А.Д. қашықтықтан шашки, шахмат, тоғызқұмалақ, домино, бес асық ойындарын ұйымдастырды. Оқушыларға тапсырма берді.