Мектебімізде «Бала құқығы – адам құқығы» атты дүниежүзілік балаларды қорғау күніне жоспар құрылып, бекітілді. Сол жоспар бойынша іс-шаралар атқарылды. Оқушылардың құқықтық мәдениетін, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1989 жылғы 20 қарашада қабылданған Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру, балалардың заң талаптарын бұзбай, өзіне жүктелген міндеттерді орындай білуге үйрету мақсатында 1-10- сыныптарда сынып сағаттары, қашықтықтан кездесу, бейнебаян көрсетілімдері, қайырымдылық акциясы, интеллектуалды ойындар, жарыстар өткізілді. 26 қазан күні барлық сыныптарда сынып жетекшілер «Баланың құқықтары мен міндеттері» туралы сынып сағаттарын өткізілді. 27 қазан күні «Баланың негізгі құқықтары» тақырыбы бойынша ақпараттық стенд шығарылды. 28 қазан күні қашықтықтан «Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы- бақытты ел» атты тақырыппен көп балалы аналармен, ата-аналар қауымдастығымен кездесулер өтті. Ауылымызда 8 баласы бар Құлкенова Айнұр ханыммен және ата-аналар комитетінің мүшесі Сағынбекова Марал ханыммен сұхбаттасу ватсап желісі арқылы өтті. 29 қазан күні Аға тәлімгер Жанысбек К.Қ. «Ойын арқылы құқықты үйренейік» атты 9-10 сынып оқушыларымен интеллектуалды ойын өткізді. 30 қазан – 03 қараша күндері барлық сыныптарда қашықтықтан ата-аналар жиналысы болды. Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы және оқу қорытындылары туралы айтылды. Аға тәлімгер Жанысбек К.Қ. 9 сынып оқушылар арасында «Салты жақсының – халқы жақсы» атты бейнероликтер конкурсын қашықтықтан ұйымдастырды. Оқушылар өздерінің бейнероликтердің жіберді, оларды instagram,.facebook желілерге жариаланды.