Текст
23 қараша Жалпыадамзаттық құндылықтар күні болып жарияланды. Осыған орай біздің мектепте әр сыныпта санитарлық эпидеомиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып «Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі» тақырыбында іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды дамыту, өзара келісім мен өзара түсіністікке баулу, мейірімділік пен адамзатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
«Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі» тақырыбында шаттық шеңберлері, сынып сағаттары, әңгімелесулер, дөңгелек үстел, диспут сабақтары өтті.