2020-2021 оқу жылындағы Жамбыл орта мектебінің
Биылғы жылы күннің ерте сууына байланысты 1 – 10 сыныптарында өзен, көлдердің мұздары дұрыс қатпауына байланысты «Мұзда қауіпсіздік шараларын сақтаудың жолдары», «Балаларды қысқы ойындар кезіндегі қауіп-қатерден қалай қорғау керек?» «Мұз айдынында жүру ережелері» туралы сынып жеткешілер сынып сағаттарында ережелерімен таныстырып өтті. Қыста таза ауада шана теуіп, төбешіктен сырғанап жүрген балалар түрлі жарақат алып қалмауы үшін нені ескеру керектігі туралы айтып өтті.
Мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерінен құрылған жасақтар өзен бойында рейд жүргізу жұмысы ұйымдастырылып, кезекші мұғалімдер бекітілді. Фойеде ақпаратты стенд жасалып, түсінік жұмыстар өтілді. Мұз айдынының дұрыс қатпауына байланысты қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтауына орай түсінік жұмыстары жүргізілді. Қашықтықтан ата-аналар жиналысы өттіп, қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Интернет желілерге жадынама жаряланды
Қорытындылай келсек оқушыларға ата-ананы ескертпей үй ауласынан алыстап кетуге болмайды. Оқушылардан қауіпсіздік парақшаларына қол қойылды. Өзен бойындағы бақытсыздыққа ұшырау жолдарының алдын – алу жөнінде ескерту қағаздары таратылып, ата – аналармен балалар арасында сақтық ережелері таныстырылды.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Смагулова Б.Г.