«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019-2020 оқу жылыңдағы Жамбыл орта мектебінің 20-24/04 аралығында қашықтық өткен бастауыш сынып апталығы туралы анықтама

              Мектебімізде «Бастауышым  - бастамам, білім жолын бастаған» тақырыбында қашықтық бастауыш сынып апталығы өтті. Апталықтың әр күніне жаңа үлгідегі мәдени іс-шаралар жоспарланды. Апталық барысында оқушылар сурет салып, өз өнерін ортаға салып, мүсіндеу жасап, мұғалімдерінің сұрақтарына жауап беріп белсенді қатысты.

          4 сынып оқушыларымен бастауыш сынып мүғалімі Қабылтаева Ғ.А. «Ұлы Жеңіс- ел бақыты» тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырды. Балалар Ұлы Отан соғысына байланысты суреттерін салып, фотобейнесін жіберді.

            Апталықтың екінші күнінде «Мен - өнерлі баламын» тақырыбында 1 және 4 сынып оқушыларымен Қабылтаева Ғ.А. жарыс ұйымдастырды. Бұл күні оқушылар домбырада және синтезаторда әндерді орындаумен видеороликтер жіберді. Сонымен қатар би билеген бейнероликтер көрсетілді.

         Үшінші күні «Мен Ғарышкер боламын» атты даярлық сыныпта бастауыш сынып мұғалімі Смағұлова А.С. онлайн мүсімдеу өткізді. Барлық балалар ғарыш зымырандарын мүсіндеуге белсене қатысты.

         Төртінші күні 3 сыныпта «Құстар - біздің досымыз» атты бастауыш сынып мұғалімі Жақыпова Л.Қ. онлайн сурет көрмесін өткізді. Барлық оқушылар әр түрлі әдемі құстарды салып, онлайн сурет көрмесіне белсенді қатысты

Бесінші күні «Ұлттар достығы мен сабақтастығы» атты 2 сыныпта бастауыш сынып мұғалімі Құлмағамбетова П.О онлайн тәрбие сағатын өткізді. Онлайн тәрбиелік іс-шара өте жақсы өтті. Оқушылар 1 Мамырға арналған тақпақтарын оқып бейнежазбамен жіберіпті, ән айтты, би биледі. Сонымен қатар, Халықтар достығы тақырыбына суреттер салды.

Жаңартылған күні: 28.04.2020 11:09
Құрылған күні: 28.04.2020 11:09

Текст