Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі
« Қызға нәзіктік жарасады» атты би сайысына қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Бүгінгі сайысты ашып беру үшін мектебіміздің тәрбие ісі -
жөніндегі орынбасары Смагулова Балшекер апайға сөз кезегін береміз.
Жүргізуші:
Олай болса әділ бағалайтын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
Жүргізуші:
Сонымен бишілеріміздің реттік санын белгілеу үшін жеребе тасталынады. Жеребе алу үшін әр сыныптан бір адамнан ортаға келулеріңізді сұраймын. Әділқазы алқаларының алдына барып алады(Әр сыныптың реттік саны анықталады)
Жүргізуші:
Бишілерімізді өз өнерлерін көрсетуге дайындалу үшін сахна төрінен босатамыз.
Жүргізуші:
Билеу деген ол жай кез келген қимыл жасау емес. Әр халықтың биіне қарап сол елдің тұрмысын, салт дәстүрін, тіршілігін жалпы өмірін, мінез құлқын көруге болады дейді өнер адамдары.
Жүргізуші:
Мың бұралып сахнада тамсанып,
Би билеңдер босатылып бар жүктен.
Көрермендер өте ыстық қарсы алып,
Шапалақтап жібереді зал біткен.
Сонымен келесі кезекте өнер көрсетін 1 сынып оқушыларын қарсы алыңыздар
Жүргізуші:
Жанарында жұлдыз жанып тұрады,
Қарап тұрған мылқауларды сөйлеткен,
Көрерменнің көңілінен шығады,
Мың бұралған бишілердің өнері.
Сонымен келесі кезекте өнер көрсетін 3 сынып оқушылары
Жүргізуші:
Жалпы би өнері бұл да спорттың бір түрі екен, би билеген адамның дене мүшесі бәрі қозғалады. Ал, қозғалыс деген денсаулықтың бірден-бір кепілі ғой. Олай болса жігіттер мен қыздар үнемі би билеп шынығып жүрейік.
Сонымен келесі кезекте өнер көрсетін 4 сынып оқушыларын қарсы алыңыздар
Жүргізуші:
Айгөлек – ау, айгөлек
Айдың жүзі дөңгелек
Айдай толған кезімде
Би билеймін дөңгелеп
Жүргізуші:
Осымен біздің сайысымыз өз мәресіне жетті десек те болды. Бүгінгі сайысымызды қортындылауға әділқазы алқасына сөз кезегін берейік.