«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жамбыл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ «Общеобразовательная школа села Жамбыл отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ғажайып алаң» интеллектуалдық ойыны.

19.01.2022

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып алаң» интеллектуалдық ойыны.
Сабақтың мақсаты: Білімді, жан- жақты болуға үйрету. Білуге үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. 
Қажетті құрал- жабдықтар: сұрақтар жинағы, айналмалы барабан, безендірілген тақта
Әдісі: сұрақ- жауап, ойын түрінде

Сабақтың барысы

Құрметті жиналған барша қауым, ұстаздар,  оқушылар, көрермендер!  Бүгінгі «Физика әлемі» атты ғажайып алаңы  интеллектуалдық ойынымызға қош келідіңіздер! Әр турда үш оқушыдан қатысып отырады. Кім ең бірінші дұрыс жауап берсе, сол жеңімпаз болып келесі турда шыққан жеңімпаздар мен жарысады. Кім дұрыс жауап берсе сол оқушы жеңімпаз болады. Ендеше ойынымызды бастайық.

 

Ортамызға І турдың қатысушыларын шақырамын:

  1. Ержанов Ринат 9 сынып оқушысы
  2. Оразалы Каусар 8 сынып оқушысы
  3. Амантаев Назар 7 сынып оқушысы

 

Жүргізуші: І турдың тапсырмасы. Мақал мәтелдің физикалық мағынасын табу

Жұпарды жасырғанмен иісі білдіреді.
Жауабы: Диффузия.
 

Егер барабанда  сұрақ белгісі келетін болса қойылатын сұрақ:

Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді ?- (Спидометр)

 

І турдың жеңімпазы___________________________

 

Ортамызға ІІ турдың қатысушыларын шақырамын:

  1. Шахмашева Жансая 9 сынып оқушысы
  2. Саттар Фариза 8 сынып оқушысы
  3. Қадырбай Дильназ 7 сынып оқушысы

 

Жүргізуші: ІІ турдың тапсырмасы. Мақал мәтелдің физикалық мағынасын табу
Аяқ сүрінсе , басқа салмақ түсер.

Жауабы: Инерция.

Егер барабанда  сұрақ белгісі келетін болса қойылатын сұрақ:

         Ток күшін өлшейтін құрал? Амперметр

ІІ турдың жеңімпазы___________________________

Ортамызға ІІІ турдың қатысушыларын шақырамын:

  1. Шаймерденов Расул  9 сынып оқушысы
  2. Қадырбаева Қаламқас 8 сынып оқушысы
  3. Ибрагим Бекзат 7 сынып оқушысы

 

Жүргізуші: ІІІ турдың тапсырмасы. Бір шумақ өлең жолынан физикалық мағынасын табу
Жүйрік өзі тұлпардан,Ұшқыр өзі сұңқардан.Күні түні жүйіткейді, Кең далада бір тарлан.
Жауабы: Конвекция

 

Егер барабанда  сұрақ белгісі келетін болса қойылатын сұрақ:

Керенеуді өлшейтін құрал? Волтьметр

ІІІ турдың жеңімпазы___________________________

 

Ортаға жеңіп шыққан ойыншыларымызды шақырамыз

Жүргізуші: ІІІ турдан жеңіп шыққан ойыншыларымыздың мәре тапсырмасы. . Мақал мәтелдің физикалық мағынасын табу

Тонның жылуы терісінен емес, жүнінен
Жауабы: Жылуөткізгіштік.

Бүгінгі «Ғажайып алаң » ойынының жеңімпазы__________________________

 

Жүргізуші: Жеңіп шыққан ойыншымыздың мәре тапсырмасы.

Күшті өлшейтін құрал
Жауабы: Динамометр

Бүгінгі «Ғажайып алаң » ойынының жеңімпазы__________________________


Қорытынды: Ал, енді біздің жеңімпазымызды құттықтауға рұқсат етіңіздер.
Барлық қатысқан ойыншыларымызға сыйлық таратылады.
Барлықтарыңызға көп рахмет! Ойынымыз аяқталды. Келесі ойында кездескенше. Сау болыңыздар!

 

 

Просмотров: 487


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст