Жамбыл орта мектебінде «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты жұмысқа орай өткізілген жұмыстардың мәліметі.
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Жас ұрпақты дұрыс тамақтануға баулу мақсатында мектебімізде бастауыш сыныптардасынып сағаттары өткізілді. Орта буындарға асханада ақпаратты стенд ілініп, әңгіме жүргізілді. Балалардың дұрыс тамақтану жағдайын қарастырсын деген мақсатпен ата – аналарға «Салауатты тамақтану тарелкасы» атты парақшаларды жоғары сынып оқушылары таратты. Атқарылған жұмыстың қорытындысы жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани адам болу керектігін айтып, жеткізе білдік деп ойлаймын.