Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. «Жылды қалай қарсы алсаң, солай болады демекші» жылымыз жақсы, берекелі, ырысты болсын деген ниетпен әр түрлі іс – шаралар жоспарлап
жаңа жылдық мерекелер, ертеңгілік, концерттер ұйымдастырылды. Кішкене бүлдіршіндерге арнап «Жаңа Жыл таңғажайыптары» атты ертеңгілікті «Айгөлек» шағын орталығының меңгерушісі Қабылтай Н.Т ұйымдастырды. Балалар шынайы ертегілер елінде болып қайтқандай әсерде болды. Ал, бастауыш сынып мұғалімдері
Жакупова Л.Қ, Құлмағанбетова П.О, Смагулова А.С, Қабылтаева Ғ.А «Жасыл шырша шақырады» атты ертеңгілік ұйымдастырды. Балалар ертеңгілікте естен кетпес би билеп, ән салып, сахналық көрініс қойды. Аяз Атадан алған тәттілеріне риза болса, әкелген сыйлықтарын алып одан бетер қатты қуанды. «Жарқыра, төрлет 2018 жыл!» айдарымен жоғарғы сыныптары жаңа жылдық кеш ұйымдастырды, мерекелік шоу өткізді. Жаңа Жылдық ұтыс билеттері ойнатылып, олжалы болған адамдарға көтеріңкі көңіл, ақжарқын пейіл қалыптасты. Өздеріне де, келген қонақтарға да көтеріңкі көңіл күй, қуаныш сыйлады. Келер ит жылымызда молшылық, бақ - дәулет, денсаулық, ырыс - береке мол болсын!